Спорт

Азиада-2018: қазақстандықтар бүгін қандай жарыстарға қатысады

CC0 / / Боксшы
Боксшы - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Қазақстандықтар жағажайдағы волейбол мен жеңіл атлетикадан жүлделі болуға үмітті

АСТАНА, 27 тамыз — Sputnik. Индонезияда өтіп жатқан Азия ойындарында 27 тамыз күні Қазақстан құрамасының қоржыны жүлдеге толуы мүмкін. Отандастарымыз каратэ, велотрек, бокс, мәнерлеп жүзу және тағы басқа спорт түрлерінен сайысқа түседі.

Руслан Исраилов - Sputnik Қазақстан
Спорт
Азиада-2018: Қазақстан құрамасы бесінші алтын медальді иеленді

Қазақстанның Ұлттық олимпиадалық комитеті мәліметіне сүйенсек, жағажайдағы волейболдан әйелдер құрамасы үшінші орынға таласады, ал жеңіл атлеттерде екі финал болмақ, сонымен бірге велотрек және мәнерлеп жүзуден спортшыларымыз бақ сынасады.

Естеріңізге сала кетсек, Азиадада Қазақстан құрамасының қоржынында бес алтын жүлде бар, чемпиондары — Руслан Исраилов пен Дархан Нортаев (джиу-джитсу),  велошабандоз Алексей Луценко (екі мәрте) және семсерші Дмитрий Алексанин.

Дархан Нортаев Азиада чемпионы атанды

27 тамыздағы жарыстар кестесі

  • Каратэ. Ерлер, әйелдер

Г. Гафурова(68 кг), Е. Айназаров (75 кг), М. Жаңбырбай (50 кг)

Басталуы: 08.00 

  • Велотрек. Командалық спринт, ізге түсу жарысы. Ерлер

П. Воржев, М. Налетов, С. Пономарев, Б. Рудер, А. Жұмақан, С. Миралиев, А. Захаров, Р. Василенков, Н. Панасенко, А. Тұрар, А. Жұмақан А., Р. Гайнеев

Басталуы: 12.00

  • Жеңіл атлетика. Квалификация, финалдар. Ерлер, әйелдер

В. Земс, Д. Ефремов (110 м с/б), А. Боднар (биікке секіру), Д. Коблов (400 м с/б), М. Мұқашева (800 м)

Басталуы: 08.00

  • Мәнерлеп жүзу. Әйелдер жұбы. Техникалық бағдарлама

Е. Немич, А. Немич

Басталуы: 09.00.

  • Бокс. 1/8 финал. Ерлер

К. Ералиев (56 кг), А. Аманқұл (75 кг), Т. Жүсіпов (49 кг), Б. Ибрагимов (64 кг)

Басталуы:13.00

  • Судағы поло. Ерлер

Қазақстан — Сингапур

Басталуы:13.30

  • Жағажайдағы волейбол. Үшінші орынға таласу. Әйелдер

Қазақстан — Индонезия

Басталуы: 14.00.

  • Көгалдағы хоккей. Әйелдер

Қазақстан — Корея

Басталуы: 15.00

  • Волейбол. Әйелдер

Қазақстан — Вьетнам

Басталуы:15.30

  • Тауға өрмелеу. Эстафета. Ерлер, әйелдер

А. Маймұратов, Р. Костюков, Р. Хайбуллин, А. Молчанов, А. Мұрат, А. Нигматулин, А. Марленова, М. Ағанбаева, А. Жизневская, А. Матевосян, А. Өтешева, А. Постоянко, М. Чистова

Басталуы: 16.00

  • Көркем гимнастика. Көп сайыс, командалық жарыстар

А. Әділханова, А.Тілекенова, Д. Әбдірбекова

Басталуы:17.00

Жаңалықтар
0