Спорт

Азиада-2018: Қазақстан құрамасы бесінші алтын медальді иеленді

Жазылу
Қазақстан құрамасы қоржынына джиу-джитсу балуаны Руслан Исраилов алтын жүлде салды

АСТАНА, 26 тамыз — Sputnik. Қазақстандық джиу-джитсу балуаны Руслан Исраилов чемпионы атанды.

Қазақстан қоржыны тағы бір алтын жүлдемен байыды, деп хабарлайды Ұлттық олимпиадалық комитет.

77 келі салмақ дәрежесінде бақ сынасқан джиу-джитсу балуаны Руслан Исраилов ақтық жекпе-жекте Қырғызстан спортшысын жеңген.

Джитсердің өзі айтқандай, финадық кездесу оңай болмапты. Исраиловтың сөзіне сүйенсек, жеңіске соңғы секундтарда қол жеткізген. Ол алтын жүлдесін бүкіл Қазақстан халқына, туыстарына, командасына арнап, қолдау көрсеткен барша жанға алғысын білдірді.

Бұдан бұрын Индонезиядағы Азия ойындарында алтын медальді қазақстандықтар Дархан Нортаев (джиу-джитсу), велошабандоз Алексей Луценко (екі рет) және семсерші Дмитрий Алексанин ұтып алған болатын.

Жексенбі күні отандасымыз Назым Қызайбай Пәкістанның боксшы қызын жеңіп, 1/4 финалға өтті.

 

 

Жаңалықтар
0