АСТАНА, 27 тамыз — Sputnik. Қазақстан құрамасының Азиада-2018 ойындарындағы алтыншы алтын медалін каратэші қыз Гузалия Гафурова жеңіп алды.
68 келі салмақ дәрежесінде бақ сынасқан отандасымыз финалда Қытай каратэшісі Линлин Танмен кездесті, деп хабарлайды Ұлттық олимпиадалық комитет.
Жанкешті жекпе-жекте қазақстандық каратэші қытай қызын 2:0 есебімен ұтып, ұлттық құрама қоржынын тағы бір алтынмен байытты.
Сонымен, Гузалия Гафурова Азия ойындарының екі дүркін чемпионы атанды. Алғаш рет алтын жүлдені Азиада-2014 жарысында иеленген еді.
Қазір Қазақстан құрамасының қанжығасында алты алтын медальден бөлек, сегіз күміс және 28 қола жүлде бар.