АСТАНА, 25 тамыз — Sputnik. Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры (БЖЗҚ) WhatsApp арқылы таратылған хабарлама туралы түсініктеме берді. Онда 1980 жылдан кейін туған азаматтар мемлекеттік зейнетақы алмайды деп жазылған.
БЖЗҚ баспасөз қызметінің маманы Елнұр Шақлқыбаев Sputnik агенттігіне айтқандай, бұл хабарлама авторы ынтымақты зейнетақыны меңзеген сыңайлы.
БЖЗҚ мәліметі бойынша, зейнетақы екі қордан құралады – мемлекеттік бюджет (базалық және ынтымақты зейнетақы), және де қордағы жинақ.
Қазақстан халқы кредитке 15 миллион доллар қарыз
Жасына қарамастан бүкіл зейнеткер базалық зейнетақымен қамтамасыз етілген. 2018 жылдың 1 шілдесінен бастап өзгеріс енгізілді: базалық зейнетақы енді адамның 1998 жылға дейінгі еңбек өтілі және жинақтаушы зейнетақы қорына қатысу мерзіміне байланысты болады. Ынтымақты зейнетақы 1998 жылға дейін жарты жылдан астам еңбек өтілі бар тұлғаларға төленеді (1980 жылы туған тұлғалар 1998 жылы 18 жасқа толды).
Қазіргі зейнеткерлер базалық және ынтымақты зейнетақыны қатар алатын болса, болашақта бәрі өзгереді – ынтымақты зейнетақыны жинақтаушы қордан төленетін зейнетақы біртіндеп ығыстырады.
1 қыркүйектен бастап қазақстандықтарды қандай өзгерістер күтіп тұр?
"1998 жылға дейінгі еңбек өтілі жоқ азаматтарға болашақта зейнетақы мемлекеттік бюджеттен берілетін базалық зейнетақы мен еңбек еткен жылдары аударған зейнетақы жарнасы есебінен БЖЗҚ-дан төленеді", — делінген зейнетақы қоры хабарламасында.
Зейнетақы реформасын жүргізген соң, 2013 жылы Қазақстанда Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры құрылды. Ол құрылғанға дейін елде жекеменшік зейнетақы қорлары қызмет ететін, бірақ олардың жұмысы тиімсіз болып шықты.