Спорт

Тайсонды жеңген аңыз боксшы Головкин — "Канело" рематчына болжам жасады

© REUTERS / Henry Browne LivepicГоловкин мен Канело
Головкин мен Канело - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Холифилдтің пікірінше, алдағы жекпе-жекте Геннадий Головкин жеңіске жетеді

АСТАНА, 22 тамыз — Sputnik. Бірінші ауыр және ауыр салмақта бұрынғы абсолютті әлем чемпионы Эвандер Холифилд қазақстандық Геннадий Головкин мен мексикалық Сауль "Канело"Альварес арасындағы екінші жекпе-жекте кім басым түсетінін болжады, деп хабарлады Sports.kz.

Бокс қолғабы - Sputnik Қазақстан
Спорт
Бұрынғы әлем чемпионы GGG-"Канело" жекпе-жегінде кім жеңгенін айтты

"GGG жеңеді деп ойлаймын. Ол жігіт өте агрессивті, қорғанысы да мықты. Сондай-ақ оның қос қолында да жойқын күш бар", — деді Холифилд Mayweather Boxing Channel порталына берген сұхбатында.

Головкин мен Альварестің екінші жекпе жегі 15 қыркүйек күні Лас-Вегастағы (Невада штаты) T-Mobile Arena-да өтеді. Бокс кеші HBO арнасында ақылы негізде көрсетіледі. Қазақстан уақытымен бокс шоуы 16 қыркүйек күні таңғы сағат 6-да басталады.   

Айта кетейік, Эвандер Холифилд әйгілі Майк Тайсонды екі рет – 1996 жылдың қарашасы мен 1997 жылдың маусымында жеңген. 


Жаңалықтар
0