Өңірлер

Екібастұзды Павлодардың бұрынғы әкімі басқарады

© SputnikЕкібастұздың жаңа әкімі Нұржан Әшімбетов (оң жақта)
Екібастұздың жаңа әкімі Нұржан Әшімбетов (оң жақта) - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Кеншілер қаласының әкімі қызметіне Павлодардың бұрынғы басшысы келді

ПАВЛОДАР, 22 тамыз – Sputnik. Нұржан Әшімбетовтің кандидатурасын президент әкімшілігі талқылап, қалалық мәслихат депутаттары мақұлдады, деп хабарлады Павлодар облысы әкімдігінің баспасөз қызметі.  

Облыс әкімі жаңа басшыны активке таныстыру барысында тағайындалушының Екібастұз қаласы сияқты өнеркәсіптік қаланың дамуына қажетті тәжірибеге ие екенін айтып өтті. 

Портфель - Sputnik Қазақстан
Өңірлер
Өскемен қаласының әкімі тағайындалды

Нұржан Әшімбетовтің негізгі мақсаты инвестицияларды тарту болмақ. Сонымен қатар Болат Бақауов жаңа әкімге Екібастұз қаласындағы мемлекеттік-жекеменшік серіктестікті дамыту жөнінде тапсырма берді.  

Естеріңізге сала кетейік, жаңа қызметке тағайындалмас бұрын Нұржан Әшімбетов Павлодар қаласының әкімі болып жұмыс істеді.

Нұржан Әшімбетов 1969 жылы Павлодар облысының Черное ауылында дүниеге келді. Ол Алматы зооветеринарлық институты мен Алматы статистика және экономика институтын зооинженер және бухгалтер-экономист мамандықтары бойынша тәмамдады. 

1999 жылдан бастап 2008 жылға дейін Ақтоғай ауданы әкімінің орынбасары, Лебяжі ауданының әкімі, Павлодар облысы ауыл шаруашылығы басқармасының бастығы болып жұмыс істеді. 

2009-2012 жылдары аралығында Петропавл қаласының әкімі болды. 

2012 жылдан бастап 2016 жылға дейін Павлодар облысы әкімінің ауыл шаруашылығы мәселелері жөніндегі орынбасары қызметін атқарды.


Жаңалықтар
0