Әлем

Белгісіз адамдар Анкарадағы АҚШ елшілігіне оқ жаудырды

© Sputnik Посольство США
Посольство США - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Соңғы кездері Анкара мен Вашингтон қарым-қатынасы қатты шиеленісіп кеткен болатын

АСТАНА, 20 тамыз — Sputnik. Оқыс оқиға таңғы сағат 05:00 шамасында (Астана уақытымен түнгі сағат 02:00) болған, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан РИА Новости басылымына сілтеме жасап.

Дональд Трамп - Sputnik Қазақстан
Әлем
Трамп: парик киетіндер сайлауға түспей-ақ қойсын

Ататүрік желекжолымен келе жатқан ақ көлікте отырғандар елшілікке 4-5 рет оқ атқан. Оқтар полиция дүңгіршегіне тиген.

Зиян шеккендер жоқ. Дәл қазір оқиға болған жерде полиция қызметкерлері жұмыс істеп жатыр.

2016 жылы түрік билігі америкалық пастор Эндрю Брансонды тұтқындағаннан кейін Вашингтон мен Анкара арасындағы байланыс шиеленісіп кеткен еді. Бұған өзге де әсер етуші факторлар жетерлік. АҚШ қаржы министрлігі Түркия Әділет министрлігі басшысы Абдулахмит Гюл мен ІІМ басшысы Сүлеймен Сойлуға қарсы санкциялар салып, оларды "адам құқықтарын бұзды" деп айыптады.

Трамптың денсаулығы туралы анықтаманы өзі айтып жаздырғаны рас па?

Кейін Дональд Трамп Түркия үшін алюминий мен болатқа баж салығын 20% және 50%-ке дейін қымбаттатты. Бұл түрік лирінің тарихта болмаған деңгейге дейін құлдырауына алып келді. Анкара өз кезегінде жауап ретінде Америкадан келетін 22 тауарға баж салығын өсірді.

Жаңалықтар
0