Әлем

Трамп: парик киетіндер сайлауға түспей-ақ қойсын

© REUTERS / Carlos BarriaДональд Трамп
Дональд Трамп - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Америкалық көшбасшы парик немесе жасанды шаш тағатынын жоққа шығарды

АСТАНА, 26 маусым —Sputnik. АҚШ президенті Дональд Трамп сейсенбі күні Оңтүстік Каролина штатындағы жақтастарымен кездесу барысында парик киетіндерге сайлауға қатыспауға кеңес берді, деп хабарлайды Sputnik РИА Новости агенттігіне сілтеме жасап.

"Менің шашым жасанды, парик киеді деп бәрі айтатын. Қазір ешкім ләм-мим демейді, өйткені мен нөсердің астында да қалдым, алай-түлей желдің өтінде де болдым… Шаш өзіңдікі болмаса, сайлауға түспе", — деді Трамп.

Шараның тікелей эфирін Fox News арнасы жүргізген.

Президент NBC телеарнасындағы әзіл-оспақ шоуында парик кимейтінін дәлелдеу үшін Джимми Фэллонға шашын ұстауға рұқсат бергенін еске алды.

"Шын шаш екенін көріп, ұнжырғасы түсіп кетті", — дейді АҚШ президенті.


Жаңалықтар
0