АСТАНА, 18 тамыз — Sputnik. Венесуэло билігі 20 тамыздағы деноминация қарсаңында ең төменгі жалақы мөлшерін айтарлықтай өсіріп, ең төмен күнкөріс деңгейін өздерінің петро криптовалютасымен байланыстыруды жөн көрді. Бұл туралы Nacional газетінің сайты жазды.
Деноминация барысында Венесуэлада ақшалардан бес нөлді алып тастайды. Жаңа валюта "суверлі боливар" деп аталады.
"Мен петро криптовалютасымен байланыстырылған жаңа ең төменгі жалақы мөлшерін енгізуді жөн көрдім. Ол 1 800 суверлі боливар немесе 0,5 петро мөлшерінде болады", — деп келтірді газет мемлекет президенті Николас Мадуроның сөзін.
Бұдан өзге ол қосылған құн салығының (ҚҚС) 12%-тен 16%-ке өскенін мәлімдеді. Яғни соңғы өзгерістерді ескерсек, Венесуэлада ең төмен жалақы мөлшері шамамен 60 есеге өскелі отыр. Салыстырып көретін болсақ, бүгінде қара базарда бір АҚШ долларының құны 6 миллион боливарға жетіп отыр.
Ұлттық экономика министрлігі Қазақстандағы дағдарыс туралы айтты
Оппозиция бақылап отыратын Ұлттық ассамблеяның қаржы комитетінің мәліметі бойынша, маусым айында Венесуэладағы құнсыздану мөлшері 83000%-ті құрады. Мемлекеттің ішінде бағаның өсуіне қатысты мәліметтер бірнеше жылдан бері жарияланбайды. Алдын ала болжам бойынша, Боливар Республикасындағы инфляция деңгейі жыл соңында 1 000 000%-ке жетуі мүмкін.
Венесуэла басынан өткеріп отырған әлеуметтік-экономикалық дағдарыс салдарынан соңғы жылдары мемлекет тұрғындары шетелге кетіп жатыр. Колумбия билігі мәліметі бойынша, Боливар Республикасынан осы мемлекетке миллионнан астам адам көшіп келген.