Әлем

Венесуэла президентіне қастандық жасалған сәт видеоға түсіп қалды

Жазылу
Мадуроны оққағарлары қоршап алып, қауіпсіз жерге алып кетті

АСТАНА, 5 тамыз — Sputnik. Венесуэла президенті Николас Мадуроға қастандық жасалды. Оқиға ұлттық боливариан гвардиясының құрылған күніне орайластырылған іс-шара кезінде болды, деп хабарлады РИА Новости.  

Сот балғасы, архивтегі фото - Sputnik Қазақстан
Әлем
Сот барысында түсірілген жантүршігерлік видео жарияланды

Боливар даңғылындағы парад кезінде кенеттен жарылғыш зат салынған дрон пайда болып, жарылып кеткен. Елдің байланыс және ақпарат министрі  Хорхе Родригестің айтуынша, жеті әскери қызметкер жарақат алды. Мадуроның өзі зардап шеккен жоқ.  

 RT телеарнасы мен Ruptly агенттігі қастандық болған сәтте түсірілген видеоны жариялады. Онда мемлекет басшысының оққағарлары жүгіріп келіп, оны жиналмалы қалқандармен қоршап алып, қауіпсіз жерге алып кеткені көрінеді. Осы кезде тағы бір жарылыстың дауысы естіледі.

Полициядағы дереккөз снайпер Мадуро сөйлеп тұрған жерге жақын ұшқан дрондардың бірін атып құлатқанын атап өтті.   

Президент халыққа үндеу жасап, жүзеге аспай қалған қастандыққа оңшыл оппозицияны, сондай-ақ Колумбия президенті Хуан Мануэль Сантосты айыптады. Ал көрші елдің билігі барлық айыптауды жоққа шығарды.

Әлеуметтік желідегілер Сайрагүл Сауытбайға қастандық жасалуы мүмкін деп алаңдады  

Тоғыз адамды өлтірген Күлекбаев түрмеде немен айналысып жатыр?  


 

 


Жаңалықтар
0