Қоғам

Діни басқарма Қазақстандағы Құрбан айт намазының уақытын жариялады

Құрбан айт намазы
Құрбан айт намазы - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Yandex newsTelegram
2018 жылдың 21 тамызы – Құрбан айттың бірінші күні

АСТАНА, 18 тамыз — Sputnik. Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы Құрбан айт намазының басталатын уақытын белгіледі.

құрбандық мал - Sputnik Қазақстан
Қоғам
Астанада құрбан шалатын орындар белгілі болды

ҚМДБ хабарлағандай, Құрбан айттың бірінші күні  2018 жылдың 21 тамызына дәл келіп тұр.  

Қазақстан қалалары бойынша айт намазының уақыты төмендегідей:

Астана қаласы — 07:00; Алматы қаласы — 07:00; Алматы облысы — 07:00; Ақтөбе — 07:00; Ақмола — 07:00; Атырау — 07:30; Ақтау — 07:15; БҚО – 07:15; Жамбыл — 07:00; Қарағанды — 06:30; Қостанай — 08:00; Қызылорда — 07:30; Шымкент — 07:00; Талдықорған — 07:00; Павлодар — 07:00; ШҚО — 07:00; СҚО — 07:00; Семей – 07:00; Жезқазған – 07:00; Түркістан облысы — 07:00.

 Айта кетейік, Құрбан (араб тілінде) "жақындау" деген мағынаны білдіреді. Ал шариғаттағы терминдік мағынасы – Алла Тағаланың ризашылығына жақындау ниетімен Құрбан айт күндерінде шалынатын арнайы малдың аты.


Жаңалықтар
0