Әлем

БҰҰ-ның бұрынғы бас хатшысы Кофи Аннан көз жұмды

© Sputnik / Екатерина Штукина / Фотобанкке өтуКофи Аннан - рекадр
Кофи Аннан - рекадр - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Yandex newsTelegram
Бұрынғы бас хатшының қайда және қашан жерленетіні кейінірек белгілі болады

АСТАНА, 18 тамыз — Sputnik. БҰҰ-ның бұрынғы бас хатшысы Кофи Аннан 81 жасқа қараған шағында көз жұмды, деп хабарлады БҰҰ Халықаралық көші-қон ұйымы хабарлады. 

"Бүгін біз ұлы адам, көшбасшы әрі визионер – БҰҰ-ның бұрынғы бас хатшысы Кофи Аннанды аза тұтып жатырмыз", — делінген ұйымның Twitter-дегі хабарламасында. 

Жол апатының белгісі, архивтегі сурет - Sputnik Қазақстан
Әлем
Әлемге әйгілі спортшы жол апатынан көз жұмды

Кофи Аннанның шағын блогында да оның отбасы мен қорының атынан хабарлама жарияланды. Онда бұрынғы бас хатшы 18 тамыз күні қайтыс болғаны айтылған.  

Аннанның отбасы аза тұту кезеңінде мазаламауды сұрады. Бұрынғы бас хатшының қайда және қашан жерленетіні кейінірек белгілі болады.  

Кофи Аннан 1938 жылдың 8 сәуірінде Гананың Кумаси қаласында дүниеге келген.

1997 жылдың 1 қаңтарында БҰҰ-ның бас хатшысы болды. 2001 жылдың 29 маусымында қайта сайланып, 2006 жылдың 31 желтоқсанына дейін қызмет етті.

Орталық Азия елдеріндегі тұрақтылықты орнықтыру мақсатында ол 2002 жылы қазан айында көптеген елде, соның ішінде Қазақстанда болып қайтты.

Жаңалықтар
0