Әлем

Әлемге әйгілі спортшы жол апатынан көз жұмды

© Photo : Rico_LoebЖол апатының белгісі, архивтегі сурет
Жол апатының белгісі, архивтегі сурет - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Yandex newsTelegram
Баскетбол жұлдызы Расул Батлермен бірге оның жұбайы да қаза болған

АСТАНА, 2 ақпан — Sputnik. АҚШ-та NBA-ның бұрынғы баскетболшысы Расул Батлер жол апатынан қаза тапты, деп хабарлады 24.kz

Автокөлік доңғалағы - Sputnik Қазақстан
Оқиға
Астанада кеше түнде жол апатынан үш адам қаза тапты
Daily Mail басылымының мәліметінше, бұрынғы баскетбол жұлдызымен бірге оның жұбайы да көз жұмған. Жылдамдықты асырған көлік тұрақ есептеуішіне соғылып, кейін ғимарат қабырғасына соқтығысып аударылған. 

Полицияның айтуынша, көлікті тізгіндеген адам жылдамдықты екі еседен де асырып жіберген. Соңы адам қазасымен аяқталған жол апатының мән-жайы анықталып жатыр.  

Айта кетейік, баскетболшы соңғы рет «Сан-Антонио Спёрс» клубында өнер көрсеткен. Жалпы ол NBA-да 809 матч өткізген екен.  

 


Жаңалықтар
0