Қоғам

Қазақстан мен Өзбекстан шекарасында жүздеген көлік кептелісте тұр

Жазылу
Қазақстандық кеденшілердің айтуынша, бірнеше айдан бері Өзбекстанмен арадағы шекарада кептеліске қатысты қиындықтар болып жатыр

АСТАНА, 16 тамыз — Sputnik. Қазақстан мен Өзбекстан шекарасында, алғашқысы жағындағы "Б. Конысбаев" өткізу бекетінде жүк көліктері кептеліс туындатып отыр. Түркістан облысы мемлекеттік кіріс департаментінің хабарлауынша, соңғы мәліметтерге сәйкес, 150-200 фургонның кептелісте тұрғаны белгілі.

Астананың келбеті - Sputnik Қазақстан
Қоғам
Астаналықтарға жолдарда кептеліс болуы мүмкін екені ескертілді

Ведомство мәліметінше, өткізу пунктінде мұндай кептеліс 2018 жылдың көктемінен бері жалғасын тауып келеді. Өзбекстан Қазақстан арқылы шетелдік жүк көліктері транзитін тек екі пункт арқылы жүзеге асыруға рұқсат беріп отыр: өзбек "Яллама" — қазақстандық "Б.Қонысбаев" және өзбек "Каракалпакия" — қазақстандық "Тәжен". 

"Автотранспорттардың жиналып қалуының себебі – Өзбекстанға (транзиттік жол жүру) үш мемлекеттен баратын жүк көліктер санының айтарлықтай өсуі. Сондай-ақ, кептелістің көбеюіне өзбек кеденшілерінің мобильдік инспекциялық-тексеру кешенін қолдана отырып тексеріс жүргізуі себеп болған", — делінген қазақстандық ведомство хабарламасында.

Сооронбай Жээнбеков қазақ-қырғыз қарым-қатынасына қатысты пікір білдірді

"Яллама" іргелес кеден бекеті тәулігіне 95 жүк көлігін қабылдайды.

Қазақстандық кеденшілер өзбек әріптестерге хат жолдап, кездесулер өткізді. Алайда бұл мәселенің шешілуіне әсер етпеді.

"Б. Қонысбаев" бекеті тәулігіне 150 көлік өткізеді. Дәл қазір кеден бекеті қарқынды түрде жұмыс істеп, тәулігіне 250 жүк автомобиліне қызмет көрсетуге тырысып жатыр.  

 

 

Жаңалықтар
0