АСТАНА, 27 шілде — Sputnik. Астанада Мәңгілік ел даңғылы 27-30 шілде аралығында ішінара жабық болады.
Астана әкімдігінің ресми сайты қаланың көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасы қазіргі кезде Мәңгілік ел даңғылының Сарайшық көшесі мен Керей-Жәнібек хандар көшесі аралығындағы учаскесінде жөндеу жұмыстарын жүргізіп жатқанын хабарлады.
Асфальтбетонның беткі қабат жабындысын төсеуге байланысты төменде көрсетілген учаскелер бойынша автокөлік құралдарының қозғалысын толық шектеу жоспарланған:
27 шілде сағат 18:00-ден 28 шілде сағат 18:00-ге дейін Мәңгілік ел даңғылының Сарайшық көшесінен Сулы-жасыл гүлзар учаскесіне дейінгі аралығы;
28 шілде сағат 18:00-ден 29 шілде сағат 18:00-ге дейін Мәңгілік ел даңғылының Сулы-жасыл гүлзардан бастап Бас прокуратура қиылысына дейінгі аралығы;
29 шілде сағат 18:00-ден 30 шілде сағат 18:00-ге дейін Мәңгілік ел даңғылының Бас прокуратура қиылысынан бастап Керей-Жәнібек хандар көшесі аралығына дейінгі учаскесі;
Қала билігі елорда тұрғындары мен қонақтарына жолда кептеліске тап болмау үшін жүру маршруттарын алдын ала жоспарлап алуға кеңес берді.