Спорт

Бұрынғы әлем чемпионы Головкин – "Канело" жекпе-жегінің жеңімпазын атады

© REUTERS / Las Vegas Sun/Steve MarcusСауль "Канело" Альварес пен Геннадий Головкин
Сауль Канело Альварес пен Геннадий Головкин - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Головкин мен Альварестің екінші жекпе-жегі 15 қыркүйекте Лас-Вегаста өтеді

АСТАНА, 16 тамыз — Sputnik.  Бірінші ауыр салмақта WBO тұжырымы бойынша бұрынғы әлем чемпионы Энцо Маккаринелли қазақстандық Геннадий Головкин (38-0-1, 34 КО) мен Сауль Альварес (49-1-2, 34 КО) арасындағы рематчқа қатысты қысқаша түсініктеме берді, деп хабарлады Sports.kz.

"GGG жеңеді, алайда бұл ауыр жекпе-жек болады", — деп жазды Маккаринелли твиттерде.

Айта кетейік, бұған дейін Головкиннің бапкері Абель Санчес те  бұл жекпе-жекке болжам жасаған болатын. Оның пікірінше, "Канело" ашық айқасқа шықпайды.

Геннадий Головкин мен оның бапкері Абель Санчес, архивтегі фото - Sputnik Қазақстан
Спорт
"Головкинді нокаутқа түсір". Санчес "Канеломен" жекпе-жекке дәл болжам жасады

"Ол ашық айқасқа шығады деп ойламаймын. Дегенмен ең болмаса ұтуға әрекет жасасыншы. Өзің уәде еткендей, соққыларыңды дарыт та, Головкинді нокаутқа түсір. Кімнің техникасы, қорғанысы жақсы екенін, кімнің күші көп екенін көрейік. Бұл жолы "Канелоның" күші сарқылып, қашып жүрмейді және нокаутқа түседі деп үміттенемін. Екінші жекпе-жек екеуіне де ауыр болғалы тұр. Алғашқы бес-алты раунд қиын болады. Содан кейін Головкин мықтылығын байқатып, 11-12-раундтарда нокаутқа түсіреді немесе 8-4, 9-3 есебімен жеңіске жетеді", — деді Санчес. 

Санчес Головкин мен "Канело" жекпе-жегінің алдында тосын мәлімдеме жасады

Головкин мен Альварестің екінші жекпе-жегі 15 қыркүйекте Лас-Вегастағы T-Mobile Arena-да өтеді.   

 

Жаңалықтар
0