Спорт

"Головкинді нокаутқа түсір". Санчес "Канеломен" жекпе-жекке дәл болжам жасады

© AP Photo / Greg BeachamГеннадий Головкин мен оның бапкері Абель Санчес, архивтегі фото
Геннадий Головкин мен оның бапкері Абель Санчес, архивтегі фото - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Абель Санчестің болжауынша, екінші жекпе-жек қос боксшы үшін де өте қиын болады, дегенмен Головкин Альваресті 11-12-раундтарда нокаутқа түсіреді

АСТАНА, 14 тамыз — Sputnik. Орта салмақтағы WBA/WBC/IBO тұжырымдары бойынша әлем чемпионы Геннадий Головкиннің бапкері Абель Санчес шәкіртінің Сауль "Канело" Альвареске қарсы 15 қыркүйектегі жекпе-жегіне болжам жасады, деп хабарлайды Sports.kz.

Геннадий Головкин мен Абель Санчес - Sputnik Қазақстан
Спорт
"Егер Альварес жеңсе..." Головкиннің бапкері күтпеген мәлімдеме жасады

"Головкин жекпе-жектерінде агрессивті боксшы екенін дәлелдеп келеді. "Канело" сөзінде тұра ала ма, мінез көрсете ме, барлығы соған байланысты болғалы тұр. Ол ашық айқасқа шығады деп ойламаймын. Дегенмен ең болмаса ұтуға әрекет жасасыншы. Өзің уәде еткендей, соққыларыңды дарыт та, Головкинді нокаутқа түсір. Кімнің техникасы, қорғанысы жақсы екенін, кімнің күші көп екенін көрейік. Бұл жолы "Канелоның" күші сарқылып, қашып жүрмейді және нокаутқа түседі деп үміттенемін. Екінші жекпе-жек екеуіне де ауыр болғалы тұр. Алғашқы бес-алты раунд қиын болады. Содан кейін Головкин мықтылығын байқатып, 11-12-раундтарда нокаутқа түсіреді немесе 8-4, 9-3 есебімен жеңіске жетеді", — деді Санчес.

Головкин мен Альварестің екінші жекпе-жегі 15 қыркүйекте Лас-Вегастағы T-Mobile Arena-да өтеді.  


Жаңалықтар
0