Спорт

"Егер Альварес жеңсе..." Головкиннің бапкері күтпеген мәлімдеме жасады

© AP Photo / Damian DovarganesГеннадий Головкин мен Абель Санчес
Геннадий Головкин мен Абель Санчес - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Санчес "Канелоны" қорқақ және жанкүйерлерді қуантқысы келмейді деп айыптады

АСТАНА, 12 тамыз — Sputnik. Геннадий Головкиннің бапкері Абель Санчес мексикалық боксшы Сауль Альварестің өз шәкіртімен жекпе-жегінде таңдаған ұрыс тәсілінен қатты көңілі қалғанын айтты. 

Сауль Канело Альварес - Геннадий Головкин жекпе-жегі - Sputnik Қазақстан
Спорт
"Канело" GGG-ді нокаутқа түсіре ала ма?" Жаңа видео жарияланды

 Санчес "Канелоны" қорқақ және жанкүйерлерді қуантқысы келмейді деп айыптады. "GGG"реванш қарсаңында Альварес басқаша әрекет етіп, көрермендердің көңілін қалдырмайтынын мәлімдеді, ал Санчес "оны сөзден ұстап алды".   

"Бесінші ме, әлде алтыншы раундта ма, Геннадий "Канелоның" айқасқысы келмейтінін байқады. Оның Уилли Монромен жекпе-жегі естеріңізде ме? Головкин "Қане, фанаттарға нағыз жекпе-жекті көрсетейік" деп қайта-қайта қайталады. Ал Альварес Головкинмен жекпе-жекте көрермендерді ойламағаны анық болды.

Геннадийге айқас керек. Егер "Канело" оны жеңсе, солай-ақ болсын. Алайда ол ең болмаса соны жасауға ұмтылсыншы. Головкин қарсыласының жан-тәнімен жұдырықтасқанын қалайтын спортшы. Егер қарсылас алға ұмтылмаса, онда Геннадийге толықтай соққы жасау қиындық тудырады", — деп мәлімдеді Санчес.  


Жаңалықтар
0