Өңірлер

Ресейде 48 адамды құтқарған қазақстандықтың өмірі өзгеріп шыға келді

© Sputnik / Жания УранкаеваРесейде өртеніп жатқан автобустан 48 жолаушыны құтқарған Ержан Амарханов
Ресейде өртеніп жатқан автобустан 48 жолаушыны құтқарған Ержан Амарханов - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Семей әкімдігі өртеніп жатқан автобустан жолаушыларды құтқарған Ержан Амархановтың баспаналы болуына көмектеспек

СЕМЕЙ, 15 тамыз – Sputnik. Ресейде өртеніп жатқан автобустан 48 жолаушыны құтқарған күрестен балалар бапкері Ержан Амархановқа семейлік кәсіпкерлер бір миллион теңге табыстады.

Семей тұрғыны Ержан Амарханов - Sputnik Қазақстан
Өңірлер
Ресейде 48 адамды құтқарған қазақ жігіті Малаховтың шоуына қатысады

Семей әкімдігі ішкі саясат бөлімінің жетекшісі Нұржан Есенжолов хабарлағандай, қала басшысы бейбіт күннің батырымен кездесу өткізді.

Семей қаласының әкімі Ермак Сәлімовпен кездесу кезінде Ержан Амархановқа жанып кеткен ақшасының өтемақысы ретінде миллион теңге (2 700 доллардан астам) табысталды. Сонымен қатар, қала әкімшілігі жергілікті батырға қолғабыс етуге ниет білдірді – балалар жаттығуына арналған арнайы жағажай салу жоспарланып отыр, сондай-ақ Амархановқа ресми түрде жұмысқа орналасуына көмектеспек.   

"Біз Ержанның баспана мәселесін көтердік. Қазір ол отбасымен енесінің үйінде тұрып жатыр. Оны баспанамен қамтамасыз ету мәселесін қарастырамыз. Облыстық ТЖ департаменті біздің батырға медаль тапсыру мүмкіндігін пысықтап жатыр", — деп хабарлады Sputnik Қазақстан тілшісіне Нұржан Есенжолов.

"Семей — Новосібір" рейсін орындайтын автобустан бесінші тамыз күні түнде өрт шықты. Ержан Амарханов автобус жанып жатқанын алғаш болып байқап, ұйықтап жатқандарды оятып, олардың сыртқа шығуына көмектескен. 

Ақтөбедегі 52 өзбектің өліміне байланысты сот ісі - Sputnik Қазақстан
Өңірлер
Ақтөбедегі 52 өзбектің өлімі: автобус жүргізушісі сотта оқиғаның қалай болғанын айтты

Қазақстандық бірнеше күн Ресейде болған. Оқиға болған кезде күрестен балалар бапкерінің барлық құжаты мен көлік сатып алуға алып барған 270 мың рублі (шамамен1,5 миллион теңге немесе шамамен төрт мың доллар) жанып кеткен. Өртенген ақшаның бір бөлігін Ресей автовокзалының басшысы өтеп беруге уәде етіпті. Сондай-ақ жергілікті билік қазақстандыққа үйіне қайту үшін құжаттарын рәсімдеуге көмектескен. 

Семей тұрғыны Sputnik Қазақстан тілшісіне берген сұхбатында өзінің әрекетін батырлық деп есептемейтінін айтты. Амархановтың пікірінше, кез келген азамат осылай істеуге міндетті.    


Жаңалықтар
0