Өңірлер

Құрбан айттың алғашқы күні тегін палау таратылады

© Sputnik / Максим Богодвид / Медиабанкке өтуПалау, архивтегі фото
Палау, архивтегі фото - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Павлодарда 21 тамыз күні қалалық саябақта түрлі спорттық іс-шаралар өткізіліп, палау таратылады

АСТАНА, 15 тамыз — Sputnik. Павлодарда Құрбан айттың алғашқы күні спорттық іс шаралар өтіп, тегін палау таратылады, деп хабарлады pavlodarnews.kz. Бұл туралы өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен жиын барысында қаладағы "Ақ мешіт" мешітінің бас имамы Нұрлан Қайырбеков мәлім етті.  

Хазірет Сұлтан мешіті - Sputnik Қазақстан
Қоғам
ҚМДБ Құрбан айттың уақытын хабарлады

"Биыл Құрбан айт мерекесі 21 тамыз күніне келіп тұр, – деді бас имам. – Осы үш күнде қала мешіттерінде айт намазы оқылып, құрбандық шалынады. Мұсылмандар арасында мерекеге дейін бір күн қалғанда өлінің немесе тірінің шегі деп құрбан шалып, ас беріп жатқандар болады. Бұл дұрыс емес. Шариғат бойынша бұл күні керісінше Алланың ризалығы үшін бір күн ораза ұстау керек. 20 тамыз күні ауызын бекіткен мұсылманның өткен бір жылдық және келесі жылғы күнәлары мен істеген қателері кешірілетін болады". 

Жылдағыдай құрбандық шалу "Құлагер" ипподромында өткізіледі. Мұнда барлық рәсімді шариғат бойынша өткізіп беретін арнайы адамдар болады. 

"Бір отбасы немесе бір адам құрбандық шалам десе, оған бір жастан асқан қойды алуға болады. Оның бір бөлігін өзіне, екінші бөлігін ас беруге және үшінші бөлігін мұқтаж жандарға бөледі. Сонымен қатар, жеті адам қосылып ірі қара малды немесе түйені құрбандыққа шалуға рұқсат етіледі. Мерекеге орай 21 тамыз күні сағат 14.00-де қалалық саябақта түрлі спорттық іс-шаралар өткізіліп, палау таратылады", — деді Нұрлан Қайырбаев. 

Еске сала кетейік, Құрбан айт мерекесіне орай қазақстандықтар 21 тамыз күні демалады.

Бас мүфти: мұсылмандықты сақал мен балақтың ұзындығымен өлшеу — әсіре діншілдік  


Жаңалықтар
0