Қоғам

ҚМДБ Құрбан айттың уақытын хабарлады

© Sputnik / Болат ШайхиновХазірет Сұлтан мешіті
Хазірет Сұлтан мешіті - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Құрбан айттың бірінші күні Қазақстан халқы демалады

АСТАНА, 13 тамыз — Sputnik. Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы 2018 жылы Құрбан айт мерекесі тамыз айының 21-і күні басталатынын хабарлайды.

Наурыз мерекесі, архив - Sputnik Қазақстан
Қоғам
Құрбан айт - мал сою мерекесі емес

Биыл мұсылман күнтізбесі бойынша зүл-хиджа айының бірінші күні тамыздың 12-не, ал, Арапа күні 20 тамызға сәйкес келеді.

Арапа — қажылар Арафа жотасында құлшылық ететін күн. Қажылыққа бармаған мұсылмандар үшін арапа күні ауыз бекіту — мұстахаб (жағымды) амал.

Жағдайы бар, əрі жолаушы емес мұсылманға құрбандық шалу — уəжіп, мұсылмандық міндет.

Құрбандыққа түйе, сиыр жəне қой (ешкі де) шалынады. Бір қошқар немесе қой бір кісі атынан шалынады. Ал қара мал немесе түйені жеті кісі бірігіп, құрбандыққа шалуға болады. Құрбандық малын айт намазынан кейін айттың үшінші күні күн батқанға дейін шалуға болады.

Құрбандық етін үшке бөліп таратуға болады. Бір бөлігі өзіне қалады, екінші бөлігі ағайын-туыс, көршілерге беріледі, үшінші бөлігі көмекке мұқтаж кісілерге таратылады.

Тағы оқыңыз: Құрбан айт 2018: мейрам жайлы не білу керек?

Құрбан айтта неше күн демаламыз?

Қазақстанның "Еңбек туралы" заңына сәйкес, 2005 жылдан бері Құрбан айттың бірінші күні демалыс болып келеді. Биыл ол 21 тамызға түсіп тұр. Яғни, сенбі, жексенбі (17,18 тамыз) демалыс күндерінен кейін дүйсенбі, 20 тамыз бір күн жұмыс істеген қазақстандықтар 21 тамыз күні қайта демалады.

Жаңалықтар
0