Өңірлер

Түркістандық келіншек 3 баласын көлікке қамап, айдалаға тастап кетті

© SputnikЖедел жәрдем, архивтегі сурет
Жедел жәрдем, архивтегі сурет - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Өмірмен арпалысқан балақайлар тұншыға бастаған соң, көліктің сигналын басып, көмекке шақырған

АСТАНА, 14 тамыз — Sputnik. Түркістан облысында күйеуіне ерегіскен әйел үш бірдей баласын аптап ыстықта көлікке қамап, айдалаға тастап кеткен. Абырой болғанда, көлікте тұншығып қалған балаларды туған әкесі дер кезінде тауып алып, ауруханаға жеткізген. Ал қатыгез ананы полицейлер қамауға алды, деп жазды Otyrar.kz.

Ерімбетовтер отбасы - Sputnik Қазақстан
Өңірлер
Отыз жасында 8 бала туған түркістандық келіншек қандай арманы бар екенін айтты

Өмірмен арпалысқан балақайлар тұншыға бастаған соң, көліктің сигналын басып, көмекке шақырған. Оны бірінші болып, әкелері естіп, ыстыққа тұншыққан балдырғандарын сыртқа шығарады. Алты жастағы Розимурадқа ауа жетпей құлаған соң, жедел жәрдем шақыртып, ауруханаға жеткізеді.

"Мен тауып алғанда балалар терлеп кеткен. Ыстығы көтерілген. Жедел жәрдем келіп барлығын тексерді. Екі сағат бақылауда болды. Егер сол кезде мен білмей қалғанда, балалар өліп кетер ме еді?", — дейді балалардың әкесі Ділмұрад.

26 жастағы келіншекке тоғыз айлық баласын өлтірді деген айып тағылды 

Ділмұрад бұрынғы әйелінің мұндай қадамға баруына арадағы жанжал себеп дейді. Ол өзінің әйелімен бес жыл бұрын ажырасып кеткенін алға тартты. Содан бері бала-шағасының мазасын алып, ұрып-соғатынын біледі екен. Қолына алуға қауқары жетпейді. Екінші рет шаңырақ көтеріп, екі балалы болғанын да жасырмайды. Сондықтан да, балаларын анасына емес, балалар үйіне өткізуді сұранды.

Білім бөліміндегілер "Полицейлерге арыз жазған. Қазір анасын күтіп отырмыз. Екі жақты да тыңдау керек" деп отыр.

Білім бөлімінің мамандары қатыгез ананы ұзақ күтті. Балаларын өлімге қиған келіншекті тәртіп сақшылары тауып, полиция бөліміне әкелді. Әйел перзенттеріне қиянат жасағанын мойындады.

Нәресте, архивтегі фото - Sputnik Қазақстан
Өңірлер
27 жастағы әйел әжетханада босанып, баласын шелекке тастап кеткен

"Ажырасып кеткен күйеуімнің анасының сөзіне бола тастап кеттім. Анасы "иттен туғансың" деді. Сол итке бала-шағамды тастап кеттім. Көрсін, бақсын балаларын", — дейді балалардың анасы Зухра.

Жауапсыз ананың бұл ісіне байланысты полицейлер екі жақтан түсініктеме алып, тиісті құжаттарды арнайы комиссияға өткізеді. Комиссияның шешімі бойынша туған перзенттерін далаға тастап кеткен анаға шара көрілмек. Бірақ Ділмұраттың өзі балаларын ажырасқан әйеліне бергісі жоқ. Тағы да ерегісіп, кішкентайларға кесірін тигізе ме деп қорқады.

Қазір балғындар әкесінің қарауында. Отағасы екінші отбасын сақтап қалу үшін амалсыздан үш перзентін балалар үйіне өткізбек. Бірақ соңғы шешімді балалардың құқығын қорғайтын комиссия шығарады.

Жаңалықтар
0