АСТАНА, 10 тамыз – Sputnik. Йеменде 10 жасар ер баланы зорлап, өлтірген үш педофилді халық алдында атып, денелерін кранмен биікке көтеріп, іліп қойды, деп хабарлайды Toronto Sun.
Әлеуметтік желіде тарап кеткен суреттерде Сана қаласындағы орталық алаңға халық жиналып, жантүршігерлік өлім жазасына куә болған.
Үш ер адам Мосад Салех әл-Мотхананы секс-құлдыққа салғаны үшін айыпты деп танылды.
Зорлап, видеоға түсірді: Абай тұрғыны басынан өткерген сұмдықты айтып берді
Йемен полицейлері үш еркекке көк киім кигізіп, төсенішке етпетінен жатқызып қойды. Осылайша, 10 жасар баланы зорлап, өлтірген педофилдер халық алдында жазаға тартылды.
Полиция офицері әр азғынның жүрегіне бес рет оқ атқан. Содан кейін үшеуінің денесін кранмен жоғары көтеріп, халық алдына іліп қойды. Бұл – басқаларға сабақ болсын деген мақсатта жасалатын шара.