Өңірлер

Ақтауда педофил алғаш рет химиялық жолмен піштіріледі

© Sputnik / Игорь Зарембо / Медиабанкке өтуукол
укол - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Бір педофилді химиялық жолмен піштіру үшін жылына 127 мың теңге керек

АСТАНА, 1 наурыз — Sputnik. Ақтауда педофил алғаш рет химиялық жолмен піштіріледі, деп хабарлайды "Лада" басылымы. 

Маңғыстау облысындағы қатаң режимдегі колонияда жазасын өтеп жатқан 54 педофилдің біреуі химиялық жолмен піштіріледі. 

Бала - Sputnik Қазақстан
Қоғам
Таразда педофил бес жыл бойы досының қыздарын қорлаған

Маңғыстау облысы бойынша қылмыстық-атқару жүйесі департаменті басшысының орынбасары Асылбек Анарбаевтың айтуынша, биылғы жылы қыркүйекте сотталушы жазасын өтеп шығады. Ал жарты жыл бұрын департаменттегі іс қылмыстық істер бойынша мамандандырылған ауданаралық сотқа жіберіледі. 

"Әрі қарай сот-психиатриялық сараптама белгіленеді. Дәрігерлерден құралған арнайы комиссиясы тұтқынды толыққанды тексеріп, химиялық піштіруді өткізу немесе өткізбеу туралы шешім қабылдайды. Комиссия қорытындысының негізінде сот соңғы шешім шығарады", — дейді Анарбаев.

Сот оң шешім қыбалдаса, педофилге ципротерон препараты мәжбүрлі түрде егілетін болады. Бұл дәрі қоздыру мен жыныстық белсенділікті төмендетеді. 

"Оны әр 10-14 күн сайын салып отыру керек. Бір сотталғанға жыл бойы 26 укол салынады. Препараттың бір ампуласы 4000 теңгедей тұрады. Сонда бір адамға арналған химиялық піштіру курсы 127 мың теңгеге айналады", — дейді облыстық денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Клара Оралбаева. 


Жаңалықтар
0