АСТАНА, 10 тамыз — Sputnik. Астанада қала әкімдігі ғимаратының алдындағы алаңда алдағы демалыс күндері мектеп жәрмеңкесі басталады, деп хабарлады елорда әкімдігінің ресми сайты.
Жәрмеңкеде мамандандырылған мектеп формасы мен барлық қажетті керек-жарақты сатып алуға болады. Оған отандық тауар өндірушілер мен кеңсе және мектеп керек-жарақтарын, мектеп формасы, шұлық-нәски бұйымдарын және басқа да көтерме сауданы жүзеге асырушылар қатысады.
Олар жаңа оқу жылының қарсаңындағы "Мектепке жол" республикалық акциясының шеңберінде өткізіледі.
Өтетін орны: Астана әкімдігі ғимаратының алдындағы алаң.
2018 жылғы білім гранты иегерлерінің толық тізімі
Мектеп формасына қойылатын талаптар
Оқушылардың формасы, білім және ғылым министрлігі бекіткен стандартқа сәйкес, қара-көк түсті және классикалық үлгіде болуы тиіс.
Ұлдардың формасына пиджак, желетке, ақ жейде мен шалбар кіреді. Қыздардың формасына пиджак, желетке, сарафан, белдемше, шалбар мен ақ жейде кіреді. Осы тізбедегі киім-кешекті ата-аналар өз қалауы бойынша жасақтай алады. Тізімдегінің барлығын сатып алу міндетті емес.
Мектеп формасын жабдықтаушы мен өндірушіні ата-аналары өздері таңдайды.
Ақмола облысында жоғалып кеткен 16 жасар қыз еліміздің оңтүстігінен табылды