Қоғам

ҰБТ-ға тағы да өзгерістер енгізілуі мүмкін

© Sputnik / Болат ШайхиновЕрлан Сағадиев ҰБТ кезінде, архивтегі сурет
Ерлан Сағадиев ҰБТ кезінде, архивтегі сурет - Sputnik Қазақстан
Жазылу
ҰБТ мен кешенді тестілеу бірдей функцияны атқаратындықтан, екеуін бірге өткізу ұсынылып отыр

АСТАНА, 7 тамыз – Sputnik. Қазақстанда ҰБТ өткізу процесі өзгеруі мүмкін. Бұл туралы білім және ғылым министрі Ерлан Сағадиев мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Назарбаев Университетінің студенттері - Sputnik Қазақстан
Қоғам
2018 жылғы білім гранты иегерлерінің тізімі жарияланды

"Министрлікке педагогтар мен ата-аналар тарапынан жыл бойы ҰБТ мен кешенді тестілеуге қатысты ұсыныстар келіп түсуде. Оның ішінде ҰБТ мен кешенді тестілеу бірдей функцияны атқаратындықтан, осы екі тестілеуді бірге өткізу мәселесі бар. Екіншіден, ҰБТ жоғары оқу орнына түсетін емтиxан болғандықтан, оны өткізу шараларынан мектеп мұғалімдерін босату қажет. Үшіншіден, мектеп балаларын ҰБТ-ға емес, мектеп бағдарламаларын игеруге дайындау қажет болғандықтан, мектептерде "пробный" тесттерін өткізбейміз деп отырмыз. Төртіншісі, мемлекеттік білім гранттарын оқу тіліне – қазақ немесе орыс тілдеріне бөлмей тағайындау және тағы бірнеше ұсыныс бар",- деді Сағадиев үкімет отырысында. 

Министр жоғарыда айтылған ұсыныстар Тамыз конфернциясында кеңінен талқыланып, тиісті шешімдер қабылданатынын атап өтті.


Жаңалықтар
0