АСТАНА, 8 тамыз — Sputnik. Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев Марат Шайхутдиновты Қазақстан қауіпсіздік кеңесі хатшысы – президенттің көмекшісі міндетін уақытша орындаушы етіп тағайындады, деп хабарлайды Ақорда.
Шайхутдинов қорғаныс министрі болып тағайындалған Нұрлан Ермекбаевтың лауазымын иеленді.
Марат Шайхутдинов қауіпсіздік кеңесі хатшысының бірінші орынбасары қызметін атқарған еді. Еңбек жолын 1984 жылы бастаған. Президент әкімшілігі сыртқы саясат орталығы басшының орынбасары, Қазақстан президенті қоры жанындағы әлемдік экономика және саясат институты басшысы лауазымдарын иеленіп, Қазақстан СІМ сыртқы саясат сараптамасы және болжам комитетін басқарған.
Бұдан бөлек, Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстанның Пәкістандағы елшісі Барлыбай Садықовты Бангладештағы елші қызметін қоса атқарушы етіп тағайындады. Садықов Пәкістандағы елші қызметіне 2018 жылы қаңтарда келген.