Қоғам

Қазақстанның қорғаныс министрі ауысты

© Sputnik / Болат ШайхиновНұрлан Ермекбаев
Нұрлан Ермекбаев - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Нұрлан Ермекбаев қорғаныс министрі болып тағайындалды

АСТАНА, 7 тамыз – Sputnik. Қазақстан қорғаныс министрлігінің басшысы болып бұрынғы дін істері және азаматтық қоғам министрі тағайындалды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан

"Мемлекет басшысының жарлығымен Ермекбаев Нұрлан Байұзақұлы ҚР қорғаныс министрі болып тағайындалды", — делінген Ақорданың фейбуктегі парақшасында. 

Бұған дейін Қазақстанның қорғаныс министрі қызметін Сәкен Жасұзақов атқарған еді.

Қоғамдық даму министрі тағайындалды

Бұрынғы қорғаныс министрі Сәкен Жасұзақов Қазақстан Республикасының тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаев атындағы Ұлттық қорғаныс университетінің бастығы қызметіне тағайындалды.

Нұрлан Ермекбаевтың өмірбаяны 

1963 жылы 1 қаңтарда Шымкентте туған.

Мешіт - Sputnik Қазақстан
Қоғам
Ермекбаев дін мәселесінде қандай сын-қатерлер тұрғанын айтты

КСРО Қорғаныс министрлігі әскери институтының шығыс тілдері факультетін (Мәскеу, 1986) "Қытай және ағылшын тілдері" мамандығы бойынша; Қазақ мемлекеттік сәулет-құрылыс академиясының экономика факультетін (1996) инженер-экономист мамандығы бойынша бітірген.

Саяси ғылымдар кандидаты. "Қазақстан және әлем елдері" кітабының (2006), ондаған мақаланың авторы.

Қазақ, орыс, қытай, ағылшын және португал тілдерін біледі.

2003 жылдан 2004 жылға дейін –  Қазақстанның Сингапурдағы сенімді өкілі (Дипмиссия басшысы);

2004 жылдан 2006 жылға дейін – ҚР Президенті әкімшілігінің сыртқы саясат орталығының меңгерушісі;

2006 жылдан 2007 жылға дейін – Президент кеңесшісі,  ҚР Президенті әкімшілігінің сыртқы саясат орталығының меңгерушісі;

2007 жылдан 2010 жылға дейін – сыртқы істер министрінің орынбасары; 

2010 жылдан 2012 жылға дейін – ҚР президентінің көмекшісі; 

2012 жылдан 2014 жылға дейін – Қазақстанның Қытай Халық Республикасындағы төтенше және өкілетті елшісі; 

2012 жылдан 2013 жылға дейін – Қазақстанның Вьетнам Социалистік Республикасындағы төтенше және өкілетті елшісі қызметін қоса атқарушы; 

2012 жылдан 2014 жылға дейін – Қазақстанның КХДР-дағы төтенше және өкілетті елшісі қызметін қоса атқарушы; 

2014 жылдан 2016 жылға дейін – Президенттің көмекшісі – Қауіпсіздік кеңесінің хатшысы; 

2016 жылдың қыркүйегінде мемлекет басшысының жарлығымен ҚР дін істері және азаматтық қоғам министрі болып тағайындалды; 

2018 жылдың сәуірінде Президент көмекшісі – ҚР Қауіпсіздік кеңесінің хатшысы болды. 

"Парасат", "Құрмет" ордендерімен марапатталған.

Жаңалықтар
0