Өңірлер

Шымкенттік қария үйінің ауласында есірткі өсірген

Жазылу
Зейнеткердің ауласынан марихуанаға ұқсас 38 түп өсімдік табылды

АСТАНА, 7 тамыз — Sputnik. Шымкентте зейнеткер өз үйінің ауласында есірткі өсірген, деп хабарлайды kz.otyrar.kz.

Сотталушы, архивтегі фото - Sputnik Қазақстан
Қоғам
Беларусь сотталған есірткі тасымалдаушыны Қазақстанға берді

Жергілікті полиция қызметкерлері "Көкнәр 2018" жедел-профилактикалық шаралар барысында қаласында тұратын қарт адамның үйінен есірткіге ұқсас өсімдік тапты, деп жазады басылым қаланың ІІД мемлекеттік тіл және ақпарат басқармасына сілтеме жасап.

Полиция жергілікті тұрғынның үйін тінту барысында 38 түп жасыл түсті, ерекше иісі бар, марихуанаға ұқсас өсімдікті тәркіледі.

Аталған дерек бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің "Құрамында есірткі заттар бар, тыйым салынған өсімдіктерді заңсыз өсіру" бабына сәйкес сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды.

Тағы оқыңыз:

 

 

Жаңалықтар
0