Қоғам

Беларусь сотталған есірткі тасымалдаушыны Қазақстанға берді

© Sputnik / Екатерина Чеснокова / Медиабанкке өтуСотталушы, архивтегі фото
Сотталушы, архивтегі фото - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Есірткі тасымалдаушы өткен жылы Брест облысында үш жылға бас бостандығынан айырылған

АСТАНА, 18 маусым — Sputnik. Беларусьте есірткі заттарын заңсыз алып жүргені үшін сотталған қазақстандық өз отанына жеткізілді, қазір Астанадағы уақытша ұстау изоляторында отыр, деп хабарлады ҚР  Бас прокуратурасының баспасөз қызметі. 

"Беларусь Республикасының Бас прокуратурасы сотталған азаматымыз Андрей Карпенконы жазасын Қазақстанда одан әрі өтеу үшін беру туралы өтінішхатты қанағаттандырды", — деп жазылған хабарламада.

Жолаушы - Sputnik Қазақстан
Қоғам
Қазақстандық әйел Стамбул әуежайында жадынан айырылды - куәгерлер

2017 жылы Брест облысы Кобрин ауданының соты Карпенконы Беларусь Республикасының мемлекеттік шекарасы арқылы есірткі заттарын заңсыз алып жүргені үшін кінәлі деп тауып, үш жылға бас бостандығынан айырды.

Бұдан кейін, сотталған Карпенко Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасына жазасын одан әрі өтеу үшін өзін отанына қайтару жөнінде өтініш жасады.

Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы жүргізген жұмыстардың нәтижесінде оның өтінішхатын қанағаттандыру мүмкін болды.

Бүгін Андрей Карпенко Белоруссиядан Қазақстан аумағына этаппен жеткізілді. Ол Астана қаласының уақытша ұстау изоляторына орналастырылды. 

 


Жаңалықтар
0