Қоғам

Қасымов: Денис Теннің отбасына барып, көңіл айттым

© Sputnik / Тимур БатыршинҚалмұханбет Қасымов
Қалмұханбет Қасымов - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Денис Теннің өліміне қатысты істі тергеуді ІІМ тергеу тобы жүргізіп жатыр

АСТАНА, 7 тамыз – Sputnik. ҚР ішкі істер министрі Қалмұханбет Қасымов Денис Теннің қазасына қатысты мәлімдеме жасады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Қалмұхамбет Қасымов - Sputnik Қазақстан
Қоғам
Министр Қасымов отставкаға кете ме? ІІМ-нің жауабы

"Ішкі істер және Ұлттық ұлан қызметкерлері – бәріміз Денис Теннің қазасына қайғырып отырмыз. Көбісі біле бермейді, бірақ Денис "біздің адам" болған. 2011-2012 жылдары Ұлттық ұланда борышын атқарды. Спорт бойынша аға нұсқаушы болып, біздің спортшыларға уақытын бөлді.  Сондықтан бұл біз үшін де орны толмас қаза. Мен өзім Денис Теннің отбасына барып, көңіл айттым", — деді Алматыдағы брифингте. 

Ол қазір тергеуді ішкі істер министрлігінің тергеу тобы жүргізіп жатқанын атап өтті.

Тағы оқыңыз: Полиция Денис Теннің өлімі үшін кешірім сұрай ма?

Еске сала кетсек, қазақстандық мәнерлеп сырғанаушы Денис Тен 19 шілде күні Алматыда автокөлік ұрыларының қолынан қаза тапты. Оқиға түскі үштер шамасында болған. Спортшы тұрақта тұрған көлігінің айнасын ұрламақ болған екі адамның үстінен түседі. Арада жанжал басталып, салдарынан пышақ жарақатын алады.

Қолына кісен салынған қыз, архивтегі фото - Sputnik Қазақстан
Оқиға
Денис Теннің өліміне қатысы бар үшінші күдіктінің аты-жөні белгілі болды

Үш литр қан жоғалтқан спортшы кешкі бес жарымда ауруханада көз жұмды. 

Аталған фактіге қатысты қылмыстық іс қозғалды. Спортшының өліміне қатысы бар деген күдікпен үш азамат ұсталды. Олар Жамбыл облысының тумасы 24 жастағы Нұралы Қиясов, Қызылорда облысының 1994 жылғы тумасы Арман Құдайбергенов және Жанар Толыбаева. Әйел қылмыс жасалғанын хабарламағаны үшін ұсталды.

Тағы оқыңыз: Қыршынынан қиылған 5 қазақстандық спортшы

Жаңалықтар
0