Өңірлер

Түркістан облысында аптап ыстықта сөмкеде жатқан нәресте өлуге шақ қалды

© Photo : Harald_LandsrathЖаңа туған бала
Жаңа туған бала - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Түркістан облысында үш күн бұрын туған қызды сөмкеге салып тастап кеткен

АСТАНА, 7 тамыз — Sputnik. Түркістан облысында жаяу жүргіншілер жол жиегіндегі спорттық сөмкеден жаңа туған нәрестені тауып алды, деп хабарлады Еуразия бірінші арнасы.

Нәресте - Sputnik Қазақстан
Өңірлер
Қостанайда қоқыс жәшігінен нәресте табылды – видео

Шақалақ аптап ыстықта аузы жабық сөмкеде төрт сағатқа жуық болған, тұншығып өлуге шақ қалыпты. Тастандыны тауып алған әйелдің айтуынша, қыз бала әуелде қып-қызыл болып, қимыл-қозғалыссыз жатқан.

Қазір бала балалар ауруханасында жатыр. Дәрігерлер қыздың туғанына бар-жоғы үш күн болғанын анықтады, оған Айым деген есім беріпті.      

Өңір полициясы көкек ананы іздестіріп жатыр.  


Жаңалықтар
0