Өңірлер

Қостанайда қоқыс жәшігінен нәресте табылды – видео

© Photo : Jacqueline MacouНәресте
Нәресте - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Қазіргі таңда дәрігерлер хал үстінде жатқан баланы аман алып қалуға күш салып жатыр

АСТАНА, 23 мамыр – Sputnik. Қостанай туберкулез диспансері аумағындағы қоқыс жәшігінен жаңа туған бала табылды, деп хабарлады alau.kz.

Жедел жәрдем дәрігерлері мен полицейлер оқиға орнына шұғыл келді.  

Баланы жедел жәрдем көлігі облыстық ауруханаға жеткізді.  

Бұл туралы ақпаратты Қостанай облысы денсаулық сақтау басқармасының қоғаммен байланыс менеджері Ксения Жылқыбаева растады.  

"Жедел жәрдем облыстық балалар ауруханасына жеткізді. Бала тірі, алайда жағдайы өте ауыр. Комада. Ол жан сақтау бөлімінде жатыр. Дәрігерлер оның өмірі үшін күресуде", – деді Ксения Жылқыбаева.  


Жаңалықтар
0