Қоғам

Әсет Исекешев пен Динара Сәтжан жаңа оқулыққа енді

© Sputnik / Тимур БатыршинЖаңа "Өлкетану" оқулығы жарық көрді
Жаңа Өлкетану оқулығы жарық көрді - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Жаңа оқу жылынан бастап 5-7 сыныптарда оқытылатын оқу құралы жарық көрді

АЛМАТЫ, 7 тамыз — Sputnik. "Өлкетану" оқулығын білім және ғылым министрлігінің тапсырысы бойынша "Алматы кітап баспасы" басып шығарды. Екі тілде шыққан оқулық 5-7 сынып оқушыларына арналған. Жаңа оқу құралындағы материалдар Қазақстан тарихы, қазақ әдебиеті, география бойынша негізгі мектеп бағдарламасын қайталамай, толықтырады, дейді кітап авторлары.  

Оқушының архивтегі фотосы - Sputnik Қазақстан
Қоғам
Еліміздің мектеп бағдарламасына жаңа пән енгізіледі

Оқу бағдарламасы Нұрсұлтан Назарбаевтың ұсынысымен «Туған жер» мемлекеттік бағдарламасының негізінде жазылған. Бағдарламаның мақсаты —  өскелең ұрпақтың бойында потриоттық сезімді қалыптастырып, Отанға деген сүйіспеншілікті ояту. 

"Біздің баспаның Қазақстанның салт-дәстүрі, мәдениеті, тарихы бойынша кітап басып шығарудан үлкен тәжірибесі бар. Осы баспадан шыққан "Менің Қазақстаным" топтамасы көпшілікке белгілі. Еліміз тарихының жарқын беттері, оның мәдениеті, салт-дәстүрі мен тұрмысы, бірегей географиялық нысандары және басқалары туралы мәліметтерді біздің көркем безендірілген альбомдардан табуға болады. Біздің осы тәжірибеміз "Өлкетану" сияқты жаңа қызықты пәнді қалыптастыруға үлкен көмегін тигізді. Осы оқулықты бізбен бірге жасап шығарған ғалымдарға, авторларға, эксперттерге үлкен алғысымызды білдіреміз", – деді "Алматы кітап баспасы" ЖШС-ның бас редакторының орынбасары Альмира Сужикова.

Тағы оқыңыз: Депутаттар "Қазақстан географиясының" жеке пән ретінде оқытылмауына алаңдаушылық білдірді

Оқулыққа төрт пән кіріктірілген

Оқулық Қазақстанның барлық облысы мен ірі қалаларының тарихы мен мәдениеті, әдебиеті негізінде жазылған. Сонымен қатар, әр облыста дүниеге келген танымал тұлғалар жайлы да ақпарат бар.  

Оқулықта төрт пән кіріктірілген: Қазақстан тарихы, қазақ әдебиеті, музыка және география. 

Кітап авторларының айтуынша, "Өлкетануды" мектепте оқытуға бір жылға 20 сағат бөлініп отыр. Арнайы жаңа маман даярлаудың қажеті жоқ. 20 cағаттың 12-сін тарих пәнінің мамандары жүргізеді. Жиырма сағаттың 5-еуі  5-сыныпқа, 7 сағат 6-сынып оқушыларына, ал қалған 8 сағат жетінші сынып оқушыларына арналған. 

© Sputnik / Тимур БатыршинЖаңа "Өлкетану" оқулығы жарық көрді
Жаңа Өлкетану оқулығы жарық көрді - Sputnik Қазақстан
1/2
Жаңа "Өлкетану" оқулығы жарық көрді
© Sputnik / Тимур БатыршинЖаңа "Өлкетану" оқулығы жарық көрді
Жаңа Өлкетану оқулығы жарық көрді - Sputnik Қазақстан
2/2
Жаңа "Өлкетану" оқулығы жарық көрді
1/2
Жаңа "Өлкетану" оқулығы жарық көрді
2/2
Жаңа "Өлкетану" оқулығы жарық көрді

Авторлардың пікірінше, оқулық оқушының өз бетінше ізденіп, терең білім алуына көмектеседі. 

Оқулықты сегіз мұғалім жазған

Алматы қаласы бойынша жазылған "Өлкетану" оқулығын 8 автор бір жылда жазған. 

"Оқулықтың құрылымдық жағын "Ой" сөзімен байланыстырып алдық. Кітап "Ой серпін", "Ой қазына", "Ой қазық", "Біліп жүр" айдарынан тұрады. "Ой серпін" оқушылрадың қызығушылығын арттыратын айдар болса, "Ой қазықта" сабаққа қатысты жалпы мәлімет, "Ой қазына" айдарында тереңдетілген дерек берілсе, "Біліп жүр" бөлігінде тақырыпқа байланысты тың мәлімет келтірілген", — дейді оқулық авторларының бірі Гүлмира Рыскелдиева.

Тағы оқыңыз: Бекболат Тілеухан "баласының миын ашытқан" білім министрлігін сынап тастады

Әсет Исекешев блогерлер қатарында

Ал Астана қаласы жайында жазылған оқулықтың ішінде танымал блогерлер де жүр. Олардың арасында Астана қаласының әкімі – Әсет Исекешев, тележүргізуші Майя Бекбаева, журналист Динара Сәтжан бар. 

© Sputnik / Айгерім ТаубайӘсет Исекешев пен Динара Сәтжан жаңа оқулыққа енді
Әсет Исекешев пен Динара Сәтжан жаңа оқулыққа енді - Sputnik Қазақстан
Әсет Исекешев пен Динара Сәтжан жаңа оқулыққа енді

Жалпы, оқулық қазақ тілінде жазылған. Орыс тіліне аударма жасалыпты. 

Ал оқулықтың таралымы тапсырыс беруші облыстарға байланысты. Алайда авторлардың айтуынша, алдағы уақытта еліміздің мектептеріндегі 5-7 сынып оқушыларының барлығы жаңа оқулықпен қамтылады. 

Жаңалықтар
0