Қоғам

Токиода алты жасар қазақстандық көз жұмды

© Sputnik / Алексей Даничев / Медиабанкке өтуБалалар жансақтау бөлімі
Балалар жансақтау бөлімі - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Бүлдіршіннің жүрегі тоқтап қалған, оның денесін елге жеткізумен консул айналысады

АСТАНА, 3 тамыз — Sputnik. Өскемен қаласының 6 жасар тұрғыны Райана Сковородникова бүйрек қатерлі ісігіне шалдыққан еді. Ол Жапония астанасы Токио қаласында көз жұмды.

Қыздың анасы айтқандай, Райана қатерлі ісіктен қайтыс болмаған, бүлдіршіннің жүрегі тоқтап қалған екен.

Аурухана - Sputnik Қазақстан
Спорт
Қазақстандық футболшы алты ай ғана өмірі қалғанын айтты

"Жапон дәрігерлері қолдан келгеннің бәрін істеді, қасында болуыма жағдай жасады. (…) Енді Райананың денесін Қазақстанға алып келумен айналысамын. Қанша уақыт кетерін білмеймін, үйге қайтқымыз келеді", — деп жазады қыздың анасы Екатерина Кирченко әлеуметтік желіде.

Әйел адам атап өткендей, Қазақстанның консулдары мәйітті жеткізуге жәрдемдеспек екен.

"Біреулер: "Сол жақта жерлеңдер", — дейді. Оған жол бере алмаймын: бұл жерде адамды жерлемейді, мәйітін өртейді, мұнда тіпті мұсылмандар да аз. Олай ете алмаймын", — дейді Екатерина Кирченко.

Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметі Sputnik агенттігіне қыздың қазасы туралы ақпаратты растап, Токиодағы консул бүлдіршіннің мәйітін Қазақстанға жеткізуге қажет құжаттарды рәсімдеп жатқанын хабарлады.

Қазақстандық қыз Дубайда жол апатынан ажал құшты

Мәскеуде қаза тапқан қазақстандық қыздың денесі Астанаға жеткізілді

Жаңалықтар
0