Спорт

Қазақстандық футболшы алты ай ғана өмірі қалғанын айтты

© Sputnik / Варвара Гертье / Медиабанкке өтуАурухана
Аурухана - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Белгілі футболшының алты ай өмірі ғана қалған

АСТАНА, 17 шілде — Sputnik. Бұрын қазақстандық клубтарда ойнаған футболшы Андрей Морев айықпас дертке шалдыққанын мәлімдеді.

Sports.kz сайты Моревтің Facebook-тегі жеке парақшасына сілтеме жасап хабарлағандай, қақпашы өкпе қатерлі ісігінің екінші стадиясында екен.

"Достар, мені білетін барша жұрт. Әрі кеткенде алты ай ғана ғұмырым қалды. Өкпе рагы. Кем-кетігім болса, кешірерсіздер. "Ақтөбе" – менің ең үздік клубым. Қош бол. Өлгім келмейді, бірақ тағдыр солай", — деп жазды 44 жастағы спортшы.

© Photo : ФК "Иртыш"Андрей Морев
Андрей Морев  - Sputnik Қазақстан
Андрей Морев

Морев "Жеңіс", "Ақмола", "Экибастузец", "Ақтөбе" сияқты қазақстандық клубтардың құрамында ойнаған. Ұлттық құрама мүшесі ретінде Қазақстан намысын талай жыл қорғады. Қазақстанның екі дүркін чемпионы, 2005 жылғы елдің үздік қақпашысы.

Жаңалықтар
0