Экономика

Доллар бағамы 350 теңгеге жақындады

© Sputnik / Болат ШайхиновТабло, архивтегі сурет
Табло, архивтегі сурет - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Таңғы сессия қорытындысы бойынша доллар бағамы 349,44 теңгені құрады

АСТАНА, 2 тамыз – Sputnik. Қазақстан қор биржасында (KASE) шетелдік валюта бойынша таңғы сауда-саттық сессиясы аяқталды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан. 

Данияр Ақышев пен Нұрсұлтан Назарбаев - Sputnik Қазақстан
Экономика
Президент Ұлттық банк төрағасын қабылдады

Қор биржасындағы саудаға KASE валюта нарығының 23 мүшесі қатысты. 

Сессия қорытындысы бойынша теңгенің долларға шаққандағы бағамы 349,44 теңгеге жетті. Сауда көлемі – 68 350 мың доллар. 

Рубль бағамы 5,5535 теңгені, сауда көлемі 10 000 мың рубльді құрады. 

Ұлттық банктің ресми сайтында бүгін доллар бағамы – 348.21 теңге, еуро 406.81, рубль 5.56 теңгені көрсетіп тұр.

Ақша айырбастау пунктерінде доллар 350 теңгеден сатылуда.

Ұлттық банк теңге бағамының құлдырайтыны туралы ақпаратқа қатысты мәлімдеме жасады

Рублдің құлдырауы теңгенің алдағы тағдырына қалай әсер етеді


Жаңалықтар
0