Экономика

Президент Ұлттық банк төрағасын қабылдады

© Официальный сайт Президента КазахстанаДанияр Ақышев пен Нұрсұлтан Назарбаев
Данияр Ақышев пен Нұрсұлтан Назарбаев - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Қазақстанның Ұлттық банкі 2020 жылға қарай инфляция деңгейін төрт пайызға дейін төмендетпек

АСТАНА, 16 шілде — Sputnik. ҚР президенті Нұрсұлтан Назарбаев Ұлттық банк төрағасы Данияр Ақышевты қабылдады, деп хабарлайды Ақорда.

Кездесу барысында Нұрсұлтан Назарбаевқа Ұлттық банктің бірінші жарты жылдықта атқарған жұмыстарының қорытындылары жөнінде есеп берілді.

Қазақстан Президенті қазіргі уақытта валюта-қаржы нарығындағы тұрақтылықты сақтау және экономиканы әрі қарай дамыту үшін елімізде қажетті жағдай жасалғанын атап өтті.

"Қазір бізде ұлттық валюта мен экономиканың тұрақтылығын қамтамасыз ету үшін мүмкіндіктер бар. Бірінші жарты жылдықта экономика 4 пайыздан астам өсті. Құбылмалы бағамға көшкеніміз дұрыс болды. Белгілі бір деңгейде ауытқулардың болатынына үйрену керек. Бұл тұрғындардың әл-ауқатына әсер етпейді", – деді  Нұрсұлтан Назарбаев.

Банк жүйесіндегі оң өзгерістер

Қазақстан Президенті банк секторын сауықтыру үшін қабылданған шаралар жөнінде айтты.

Теңге - Sputnik Қазақстан
Экономика
Ұлттық банк теңгенің еркін айырбас бағамы режимін жалғастырады

"Мемлекет тарапынан банктерге айтарлықтай көмек көрсетілді. Банк жүйесін қолдау мақсатымен үш триллион теңге бөлінді. Сонымен қатар, валюталық реттеу және Ұлттық банктің қызметін жетілдіру мәселелері жөніндегі заңнаманы қайта қарадық. Сондықтан, банктердің экономикаға, соның ішінде шағын және орта бизнес саласына несие беру жұмысын жандандыру қажет", – деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Назарбаев банктерді сауықтыру бағдарламасы тоқтатылатынын мәлімдеді

Мемлекет басшысы тұрғындардың салымдарын адал жұмыс істемейтін акционерлердің алаяқтық әрекеттерінен қорғау мақсатымен Ұлттық банк төрағасының назарын банк секторының жұмысын ретке келтіру қажеттігіне аударды.

Теңге бағамына әсер ететін негізгі фактор

Данияр Ақышевтың мәліметіне сәйкес, негізгі көрсеткіштер бойынша, еліміздің қаржы нарығында тұрақты жағдай қалыптасып отыр.

Доллар - Sputnik Қазақстан
Экономика
Теңгенің әлсіреуі. Ұлттық банк басшысы қазақстандықтарға кеңес берді

"2018 жылғы маусым айының қорытындысы бойынша инфляцияның жылдық көрсеткіші 5,9 пайызды құрады. Бұл – соңғы үш жыл ішіндегі ең төменгі көрсеткіш. Ұлттық банк инфляция деңгейін 2020 жылға қарай 4 пайызға дейін төмендетуді көздеп отыр, – деді Ұлттық банк төрағасы.

Ұлттық банктің теңге бағамына қатысты жасаған мәлімдемесі

Ақышев Нұрсұлтан Назарбаевқа ұлттық валюта бағамының өзгеруіне әсер ететін негізгі факторлар жөнінде баяндады.

"Теңге бағамының өзгеруіне әсер ететін негізгі фактор – Қазақстанның сауда-экономикалық нарығындағы валюталық-қаржылық жағдай. Екінші фактор – басқа валюталарға қатысты доллардың бүкіл әлем бойынша нығаюы. Бұл орайда, кәсіпорындар мен тұрғындардың мұндай құбылмалы бағамға бейімделгенін атап өту керек. Жалпы, елімізде шетелдік валютаға деген сұраныстың төмендегені байқалып отыр", – деді Ұлттық банк төрағасы.

Кездесу соңында Мемлекет басшысы бірқатар нақты тапсырма берді.

Жаңалықтар
0