Оқиға

Шығыс Қазақстанда имам екі ұлымен бірге суға батып кетті

© Sputnik / Алексей Сазонов / Медиабанкке өтуөзен, архив суреті
өзен, архив суреті - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Шығыс Қазақстан облысында Қара Ертіс өзенінде бір отбасының үш бірдей мүшесі батып кетті

АСТАНА, 30 шілде — Sputnik. Шығыс Қазақстан облысында құтқарушылар өзенге кеткен ер адам мен оның екі баласының мәйітін іздеп жатыр, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан. 

Қостанайда үш әйелді құтқармақ болған тұрғын өзі суға батып кетті - Sputnik Қазақстан
Өңірлер
Қостанай тұрғыны бала-шағасының көз алдында суға батып кетті

Өңірлік төтенше жағдайлар департаментінің хабарлауынша, қайғылы жағдай Боран ауылындағы Қара Ертіс өзенінде болған. 

сегіз жасар баласы рұқсат етілмеген жерде суға түсіп жатқан. Ағыс қатты болғандықтан, кенет бала бата бастайды. 36 жастағы әкесі көмекке ұмтылады, онымен бірге баланың 19 жастағы ағасы да суға секіреді. 

Оқиға куәгерлерінің айтуынша, бәрі жылдам болған – әкесі де, үлкен ұлы да қатты ағынға қарсы тұра алмаған, үшеуін де су ағызып әкетті. 

Суға батып кеткендердің мәйітін құтқарушылар мен жергілікті тұрғындар іздеп жатыр. Іздеу жұмыстары өзенде де, өзеннің жағасында да жүргізілуде. 

Екі қызды құтқарып, өзі қаза тапқан жігіттің әйелі оқиға қалай болғанын айтып берді

Астанада әйел екі қызымен кілем жуамын деп опат болды

Жаңалықтар
0