Әлем

Ең көп табыс табатын Instagram жұлдыздары белгілі болды

© AFP 2022 / ANGELA WEISSМодель Кайли Дженнер, архив сурет
Модель Кайли Дженнер, архив сурет - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Yandex newsTelegram
Instagram желісіндегі ең қымбат жарнамалық постың құны – 1 миллион АҚШ доллары

АСТАНА, 27 шілде — Sputnik. Hopper HQ сервисі ең көп табыс табатын Instagram жұлдыздарының Rich List 2018 рейтінгін жариялады, деп хабарлайды РИА Новости.

Рейтингте бірінші орынды америкалық модель Кайли Дженнер иеленді. Оның парақшасына бір рет жарнамалық пост жариялау үшін бір миллион доллар төлеу керек.

Әжелер - Sputnik Қазақстан
Қоғам
Instagram желісіндегі ең танымал әжелер

Екінші орынды 2017 жылы рейтингтің көшбасшысы болған әнші Селена Гомес алды. Оның аккаунтындағы бір жарнамалық посттың құны —  800 мың доллар.

Үшінші орында – әйгілі португал футболшысы , оның көрсеткіші 750 мың долларды құрайды.

Алғашқы ондыққа фотомодель Ким Кардашьян (720 мың доллар), әнші Бейонсе (700 мың доллар), актер Дуэйн Джонсон (650 мың доллар), әнші Джастин Бибер (630 мың доллар), футболшылар Неймар (600 мың доллар) мен Лионель Месси (500 мың доллар) кіреді.

Әлемдегі ең бай бойдақ жігіттер — фото

Рейтингті құру кезінде танымал брендтердің жарнамаға жұмсайтын қаражаты туралы ашық деректер пайдаланылды.

Жаңалықтар
0