Оқиға

Тағы бір әйел кілем жуып жатып қаза тапты

Жазылу
1986 жылғы әйел кілем жуып жатып, күйеуінің көз алдында суға кетті

АСТАНА, 26 шілде – Sputnik. Қайғылы оқиға бұл жолы Алматыда болған. Үлкен Алматы арнасында кілем жуып жатқан келіншек суға батып кетті, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан ҚР ІІМ Төтенше жағдайлар комитетінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қостанайда үш әйелді құтқармақ болған тұрғын өзі суға батып кетті - Sputnik Қазақстан
Өңірлер
Қостанай тұрғыны бала-шағасының көз алдында суға батып кетті

Қайғылы оқиға 23 шілдеде облысының Еңбекшіқазақ ауданының аумағында болды. Жазатайым оқиға туралы хабар Есік қаласының №6 өрт сөндіру бөліміне сағат 17:19-да түскен. Құтқарушылар 1986 жылғы әйелдің денесін осымен үшінші күн іздестіріп жатыр.

Тағы оқыңыз: Астанада әйел екі қызымен кілем жуып жатып опат болды

Баспасөз қызметінің ақпаратынша, оқиға кезінде әйелдің қасында күйеуі болған, ол оны құтқаруға тырысқан. 

"Әйел жүзе алмағандықтан, оны құтқару мүмкін болмады. Оның үстіне су арнасының ағысы қатты, тереңдігі 2 метр. Еске саламыз, Үлкен Алматы арнасы шомылу мен кілем жууға емес, алқап суаруға арналған", — делінген хабарламада.

Тағы оқыңыз: 8 адамның өмірін жалмаған Нұра-Есіл өзенінің жайы не болмақ?

Сүңгуірлер келіншектің туысқандары көрсеткен барлық жерді қарап жатыр.

Бұған дейін осындай қайғылы жағдай да болған еді. 14 шілде күні Нұра-Есіл арнасында кілем жууға барған 43 жастағы әйел мен оның екі қызы суға батып кетті. Аталған орын кілем жууға арналмаған.

Тағы оқыңыз: Қаскелеңде әйел адам селфи жасаймын деп суға батып кетті

Жаңалықтар
0