Оқиға

Павлодарда жас жігіт такси шопырын өлтіріп, көлігін сатып жіберген

© Sputnik / Наталья Селиверстова / Медиабанкке өтуТакси
Такси - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Қылмыстық кодекстің 99-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеулер жүріп жатыр

ПАВЛОДАР, 24 шілде – Sputnik. Павлодарда екі кісі өлтірді деген күдікпен 19 жастағы облыс тұрғыны ұсталды, деп хабарлайды өңірдің ішкі істер департаменті.

Денис Тенге шабуыл жасалған жерден видео - Sputnik Қазақстан
Видео
Денис Тенге шабуыл жасалған жерден видео жарияланды

Полиция ведомствосының мәліметінше, 20 шілдеде такси жүргізушісінің мәйіті табылған.

Полиция қызметкерлері 1963 жылы туған ер адамды өлтірді деген күдікпен 19 жастағы Павлодар облысы тұрғынын ұстады. Полиция хабарлағандай, "ұсталған тұлға бірнеше күн бұрын 1974 жылы туған тағы бір ер адамды өлтірді деген күдікке ілінген". Аталған деректер бойынша ҚК 99-бабына (кісі өлтіру) сәйкес тергеу амалдары жүріп жатыр.

Өлтірілгендердің екеуі де таксист болып істеген екен.

Бірінші таксистің көлігін сатып алған ТҚКС да қылмыстық жауапкершілікке тартылды.

Денис Теннің өліміне соттың кінәсі бар ма?

Қазақстан халқын қаруландыру ұсынылды

Жаңалықтар
0