ҚОСТАНАЙ, 23 шілде — Sputnik. Қостанайда 18 жастағы қыздың өлімін тергеу өңірдің ішкі істер департаменті басшысы, полковник Бекет Аймағамбетовтың басшылығымен жүргізіледі.
Бойжеткен 20 шілде күні кешке жүгіруге кетіп, қайта оралмаған. Келесі күні орман ішінен зорлық-зомбылық белгілері бар денесі табылды.
"Істі тергеу ерекше бақылауға алынды. Күдіктілерді табуға бағытталған шаралар атқарылып жатыр, сараптамалар тағайындалды. Полиция оқиғаның бірнеше нұсқасын ұсынып отыр", — деп хабарлайды Sputnik өңірлік "Костанайские новости" басылымына сілтеме жасап.
Бақылау камераларына түсірілген видеолар зерттеліп, сол күні Қостанай – Затобольск жолымен жүрген жүргізушілерден жауап алынуда.
Полицияда тіркеуде тұрған тұлағалар тексеріліп жатыр.