Қоғам

Шпекбаев мемлекеттік қызметшілерді қысқартудан қанша теңге үнемделгенін айтты

© Sputnik / Болат Шайхиновақша
ақша - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Мемлекеттік қызмет істері агенттігінде 147 адам қысқартылған, бұл жалақы бойынша 400 млн теңгеден астам ақша үнемдеуге мүмкіндік береді

АСТАНА, 20 шілде – Sputnik. Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы Алик Шпекбаев мемлекеттік қызметкерлерге жалақы төлеудің жаңа жүйесі туралы айтты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі. 

Әке мен бала - Sputnik Қазақстан
Қоғам
Қазақстанда баласы бар қызметкерлерге жұмысқа кеш келуге рұқсат етіледі

Шпекбаев жалақы төлеудің жаңа жүйесі оң нәтиже беріп отырғанын атап өтті.

"Мәселен, Астана мен Маңғыстау облысы әкімдіктерінде кадрлардың жұмыстан кетуі 2 есеге азайып, бір бос лауазымға конкурс 3 есеге артты. Ал Әділет министрлігінде ауысу ең төмен көрсеткішке ие болып, шетелдік білімі бар қызметкерлердің жұмысқа қабылдануы 2 есеге өсті", — деп мәлімдеді ол кеңейтілген алқа отырысында. 

Оның айтуынша, қызметкерлердің бәсекеге қабілеттігін одан әрі қамтамасыз етіп, адам ресурстарын басқаруды жетілдіру үшін кадрлық іс жүргізу бойынша жалпы қызмет көрсету орталығын енгізу жобасы жүзеге асырылып жатыр. 

Смартфон - Sputnik Қазақстан
Қоғам
Шенеуніктерге смартфон пайдалануға қашан рұқсат етіледі?

"Қазір агенттікте 147 кадр бірлігі қысқарған, соның есебінен 432 млн теңгеден астам ақша үнемдеуге болады. Мемлекеттік органның басшысы үнемделген қаржыны қызметкерлердің жалақысына үстемақы ретінде қосып төлеп, адал әрі нәтижелі еңбек етуге ынталандыруға толық құқы бар", — деді агенттік төрағасы. 

Шпектаевтың айтуынша, бүгінгі таңда елімізде ведомстволық бағынышты ұйымдардарда 2 триллион теңге жалақы төлеу қорымен 1,5 миллион адам жұмыс істеуде. Үкіметте оларды оңтайландыру және топтастыру мәселелері пысықталып жатыр.

Жаңалықтар
0