Қоғам

Қазақстанда баласы бар қызметкерлерге жұмысқа кеш келуге рұқсат етіледі

© Sputnik / Анатолий УстиненкоӘке мен бала
Әке мен бала - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Баласы бар мемлекеттік қызметкерлер үшін жұмыс таңғы 09:30-да басталады

АСТАНА, 20 шілде – Sputnik. Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы Алик Шпекбаев икемді жұмыс кестесі кімдер үшін енгізілетінін мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Алик Шпекбаев - Sputnik Қазақстан
Қоғам
Шпекбаев қандай органдарда сыбайлас жемқорлық жиі жасалғанын айтты

Агенттік қазір икемді жұмыс кестесін сынақтап өткізіп жатыр.

"Күн сайын балабақша мен мектепке баласын апаратын қызметкерлер үшін жұмыс уақыты таңғы 9.30-да басталады. Сондай-ақ қызметкерлердің үштен екісі түскі үзіліс уақытын ұзарту қажеттігін айтты. Олар үшін жұмыс уақыты жарты сағатқа кеш аяқталады. Яғни сағат 19.00-де", — деді Шпекбаев бірінші жартыжылдықтағы жұмыс қорытындысы туралы кеңейтілген алқа отырысында.

Қазақстандықтардың жалақысы қаншаға өседі?

Айтуынша, егер жоба сәтті жүзеге асып, оң нәтиже берсе, онда жаңа жұмыс кестесі басқа да мемлекеттік органдарда енгізіледі.

Жаңалықтар
0