Қоғам

Денис Тенмен қоштасу рәсімі Астанада қашан және қайда өтеді?

© Photo : сайт ХК "Барыс"Барыс Арена
Барыс Арена - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Денис Теннің жанкүйерлері мәнерлеп сырғанаушыны соңғы сапарға шығарып салу күні Астанада Денис Тенмен қоштасу және еске алу салтанатына қатыса алады. Алматыда Денис Теннің азаматтық жаназасы мен жерлеу рәсімі сенбі күні өтеді

АСТАНА, 20 шілде — Sputnik. Астанада мезгілсіз қаза болған Денис Тенмен қоштасу рәсімі сенбі күні "Барыс Арена" мұз айдынында өтеді, деп хабарлады Мәдениет және спорт министрлігінің спорт істері және дене шынықтыру комитеті.

Азаматтық жаназа 21 шілде күні сағат онда болады. Шараға спорттық қауымдастық өкілдері, еңбек сіңірген спортшылар мен бапкерлер, Астана тұрғындары қатысады.

Денис Тенді еске алу - Sputnik Қазақстан
Қоғам
Денис Тенді соңғы сапарға шығарып салу уақыты мен орны белгілі болды

21 шілде күні таңертең Алматыда Денис Тенді соңғы сапарға шығарып салады. Оңтүстік астанада мәнерлеп сырғанаушымен қоштасу таңғы сағат тоғызда Балуан Шолақ атындағы спорт сарайында өтеді. Содан кейін Денис Теннің денесін Дружба ауылындағы зиратта жер қойнауына береді.

Назарбаев Денис Теннің қазасына байланысты тапсырма берді

Денис Теннің өлімі

Еске сала кетсек, трагедия 19 шілдеде күндіз Алматы қаласының орталығында болған. Денис Тен тұрақта тұрған автокөлігіне келе жатып, көліктің айнасын ұрламақ болған қаскөйлерді көреді. Ұрылардың соңынан қуып, тоқтатпақ болғанда, пышақ жарақатын алған. 

Көп қан жоғалтқан спортшы ауруханаға түскеннен кейін екі сағаттан соң көз жұмды.

Денисті ажал аузынан алып қалуға мүмкіндік болды ма?

Полиция спортшыны өлтірді деген күдікпен 24 жастағы Нұралы Қиясовты ұстады. Ол кінәсін мойындады. Қазіргі уақытта екінші күдікті – Қызылорда облысының 24 жастағы тумасы Арман Құдайбергенов іздестіріліп жатыр.

Денис Тенді өлтірді деген екінші күдікті кім — фото

Жаңалықтар
0