АСТАНА, 19 шілде – Sputnik. Су қоймаларын қоршау мүмкін емес және оның қажеті де жоқ. Бұл мәселені шешпейді, деді ҚР Ішкі істер министрінің орынбасары Юрий Ильин.
Бұған дейін Астанадағы Нұра-Есіл арнасында суға шомылуға кеткен төрт жасөспірімнің қаза тапқан болатын. Сондай-ақ 14 шілде күні 43 жастағы әйел мен оның екі қызы кілем жуып жатып, суға батып кетті. Ал бүгін таңғы бесте тағы бір кішкентай баланың денесі судан шығарылған.
"БАҚ беттерінде арнаны жабу, оны темірмен қоршау туралы ақпараттар тарап жатыр. Бірақ су қоймаларын қоршау мүмкін емес және бұл қажет те емес. Бұл ешқандай мәселені шешпейді. Ең алдымен, ата-аналар балаларды көзден таса қылмай, жауапкершілік танытып, қадағалап отыруы керек", — деді Ильин.
Ол барлық су қоймасын жауып, әрбірінің маңына бақылаушы қою физикалық тұрғыдан мүмкін еместігін атап өтті.