Фотоаппарат - Sputnik Қазақстан
Фото
Әлем және Қазақстан жаңалықтары - суреттер сөйлейді

Биыл жазда қайда демалуға болады – Назарбаев кеңес береді

Жазылу
Қазақстанда жазғы демалысты қайда өткізген жөн? Қай демалыс орнын таңдасаңыз, өкінбейсіз? Бағасы қанша? Жаз мезгілі басталғалы осы сұрақтар көпшілікті мазалайтыны рас

Қазақстан президенті Бурабайға сапары кезінде бес жылға жоспарланған туризмді дамыту бағдарламасына қандай демалыс орындары кіргенін мәлімдеді.

Елбасының айтуынша, бірнеше курорт алдағы уақытта басты назарға алынады. Олардың ішінде: "Бурабай", Имантау көлі, Алакөл және Баянауыл, Каспий жағалауы, Алматы облысындағы демалыс орындары, Түркістан, Шарын каньоны және тағы басқалары бар.

Қазақстан демалыс орындарының Түркиядан несі артық?

Қазақстандық курорттардың айшықты суреттерін Sputnik фотолентасынан тамашалаңыз.

Қазақстан үшін визасыз елдер тізімі

Еуропадағы ең әдемі жерлер — фото

© Sputnik / Анатолий УстиненкоЩучинск-Бурабай курорттық зонасы қазақстандықтар арасында ғана емес, бүкіл ТМД елдерінде танымал. Жанға жайлы климат, көптеген санаторий, ойын-сауық орындары мен ыңғайлы автобанның арқасында жыл бойы туристер легі толастамайды.
Жұмбақтас - Sputnik Қазақстан
1/7
Щучинск-Бурабай курорттық зонасы қазақстандықтар арасында ғана емес, бүкіл ТМД елдерінде танымал. Жанға жайлы климат, көптеген санаторий, ойын-сауық орындары мен ыңғайлы автобанның арқасында жыл бойы туристер легі толастамайды.
© Sputnik / Анатолий УстиненкоТүркістан – мұсылмандардың қасиетті мекені. Аллаға құлшылық етушілер мұнда дұға-тілектерін айтып, мінәжат етуге келеді. Қожа Ахмет Яссауи және Арыстан баб кесенелерін көру үшін мыңдаған адам ұзақ сапардан тайынбайды.
Қожа Ахмет Яссауи - Sputnik Қазақстан
2/7
Түркістан – мұсылмандардың қасиетті мекені. Аллаға құлшылық етушілер мұнда дұға-тілектерін айтып, мінәжат етуге келеді. Қожа Ахмет Яссауи және Арыстан баб кесенелерін көру үшін мыңдаған адам ұзақ сапардан тайынбайды.
© Sputnik / Анатолий УстиненкоЖаздыгүні Алакөл туристер арасындағы ең танымал демалыс орындарының бірі. Алматы және Шығыс Қазақстан облыстары шекарасында орналасқан тұзды көлдің адам ағзасына шипасы мол. Былтыр курорт жанынан әуежай ашылған.
Алакөл - Sputnik Қазақстан
3/7
Жаздыгүні Алакөл туристер арасындағы ең танымал демалыс орындарының бірі. Алматы және Шығыс Қазақстан облыстары шекарасында орналасқан тұзды көлдің адам ағзасына шипасы мол. Былтыр курорт жанынан әуежай ашылған.
© Sputnik / Анатолий УстиненкоПавлодар облысындағы Баянауылдың ең көрікті жерлерінің бірі – Кемпіртас жартасы. Бұл жердің шипалы сазы мен минералды суы көптеген дертке дауа. Одан бөлек, осы өңір туралы аңыз-әңгімелер мен халықтық наным-сенімдер өте көп.
Кемпіртас - Sputnik Қазақстан
4/7
Павлодар облысындағы Баянауылдың ең көрікті жерлерінің бірі – Кемпіртас жартасы. Бұл жердің шипалы сазы мен минералды суы көптеген дертке дауа. Одан бөлек, осы өңір туралы аңыз-әңгімелер мен халықтық наным-сенімдер өте көп.
© Sputnik / Елена БережнаяСолтүстік Қазақстанның Шалқар және Имантау көлдерінің аумағында 37 демалыс базасы жұмыс істеп тұр, сонымен бірге үш балалар сауықтыру лагері бар. Бұл өңірдің сұлу табиғаты жыл сайын 30 мыңнан астам қазақстандық және ресейлік туристі тартады.
Имантау - Sputnik Қазақстан
5/7
Солтүстік Қазақстанның Шалқар және Имантау көлдерінің аумағында 37 демалыс базасы жұмыс істеп тұр, сонымен бірге үш балалар сауықтыру лагері бар. Бұл өңірдің сұлу табиғаты жыл сайын 30 мыңнан астам қазақстандық және ресейлік туристі тартады.
© Sputnik / Анатолий УстиненкоШарын каньонының биік жартастарына қарасаң көзің тоймайды. Бұл ерекше табиғи нысанды көруге бәрі асық. Каньонның жасы 12 миллион жылға жетіп жығылады. Шарында көптеген бейнебаян, фильмдер түсіріледі әрі фотографтардың да сүйікті мекендерінің бірі болып саналады.
Шарын - Sputnik Қазақстан
6/7
Шарын каньонының биік жартастарына қарасаң көзің тоймайды. Бұл ерекше табиғи нысанды көруге бәрі асық. Каньонның жасы 12 миллион жылға жетіп жығылады. Шарында көптеген бейнебаян, фильмдер түсіріледі әрі фотографтардың да сүйікті мекендерінің бірі болып саналады.
© Sputnik / Анатолий УстиненкоАқтаудағы Каспий жағалауына әсіресе шілде айында барған жөн. Белсенді туристер Маңғышлаққа жол тартып, айрықша табиғи ескерткіштерді тамашалай алады.
Маңғышлақ - Sputnik Қазақстан
7/7
Ақтаудағы Каспий жағалауына әсіресе шілде айында барған жөн. Белсенді туристер Маңғышлаққа жол тартып, айрықша табиғи ескерткіштерді тамашалай алады.
Жаңалықтар
0