Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев Бурабайға сапары кезінде бес жылға жоспарланған туризмді дамыту бағдарламасына қандай демалыс орындары кіргенін мәлімдеді.
Елбасының айтуынша, бірнеше курорт алдағы уақытта басты назарға алынады. Олардың ішінде: "Бурабай", Имантау көлі, Алакөл және Баянауыл, Каспий жағалауы, Алматы облысындағы демалыс орындары, Түркістан, Шарын каньоны және тағы басқалары бар.
Қазақстан демалыс орындарының Түркиядан несі артық?
Қазақстандық курорттардың айшықты суреттерін Sputnik фотолентасынан тамашалаңыз.
© Sputnik / Анатолий УстиненкоЩучинск-Бурабай курорттық зонасы қазақстандықтар арасында ғана емес, бүкіл ТМД елдерінде танымал. Жанға жайлы климат, көптеген санаторий, ойын-сауық орындары мен ыңғайлы автобанның арқасында жыл бойы туристер легі толастамайды.
1/7
© Sputnik / Анатолий Устиненко
Щучинск-Бурабай курорттық зонасы қазақстандықтар арасында ғана емес, бүкіл ТМД елдерінде танымал. Жанға жайлы климат, көптеген санаторий, ойын-сауық орындары мен ыңғайлы автобанның арқасында жыл бойы туристер легі толастамайды.
© Sputnik / Анатолий УстиненкоТүркістан – мұсылмандардың қасиетті мекені. Аллаға құлшылық етушілер мұнда дұға-тілектерін айтып, мінәжат етуге келеді. Қожа Ахмет Яссауи және Арыстан баб кесенелерін көру үшін мыңдаған адам ұзақ сапардан тайынбайды.
2/7
© Sputnik / Анатолий Устиненко
Түркістан – мұсылмандардың қасиетті мекені. Аллаға құлшылық етушілер мұнда дұға-тілектерін айтып, мінәжат етуге келеді. Қожа Ахмет Яссауи және Арыстан баб кесенелерін көру үшін мыңдаған адам ұзақ сапардан тайынбайды.
© Sputnik / Анатолий УстиненкоЖаздыгүні Алакөл туристер арасындағы ең танымал демалыс орындарының бірі. Алматы және Шығыс Қазақстан облыстары шекарасында орналасқан тұзды көлдің адам ағзасына шипасы мол. Былтыр курорт жанынан әуежай ашылған.
3/7
© Sputnik / Анатолий Устиненко
Жаздыгүні Алакөл туристер арасындағы ең танымал демалыс орындарының бірі. Алматы және Шығыс Қазақстан облыстары шекарасында орналасқан тұзды көлдің адам ағзасына шипасы мол. Былтыр курорт жанынан әуежай ашылған.
© Sputnik / Анатолий УстиненкоПавлодар облысындағы Баянауылдың ең көрікті жерлерінің бірі – Кемпіртас жартасы. Бұл жердің шипалы сазы мен минералды суы көптеген дертке дауа. Одан бөлек, осы өңір туралы аңыз-әңгімелер мен халықтық наным-сенімдер өте көп.
4/7
© Sputnik / Анатолий Устиненко
Павлодар облысындағы Баянауылдың ең көрікті жерлерінің бірі – Кемпіртас жартасы. Бұл жердің шипалы сазы мен минералды суы көптеген дертке дауа. Одан бөлек, осы өңір туралы аңыз-әңгімелер мен халықтық наным-сенімдер өте көп.
© Sputnik / Елена БережнаяСолтүстік Қазақстанның Шалқар және Имантау көлдерінің аумағында 37 демалыс базасы жұмыс істеп тұр, сонымен бірге үш балалар сауықтыру лагері бар. Бұл өңірдің сұлу табиғаты жыл сайын 30 мыңнан астам қазақстандық және ресейлік туристі тартады.
5/7
© Sputnik / Елена Бережная
Солтүстік Қазақстанның Шалқар және Имантау көлдерінің аумағында 37 демалыс базасы жұмыс істеп тұр, сонымен бірге үш балалар сауықтыру лагері бар. Бұл өңірдің сұлу табиғаты жыл сайын 30 мыңнан астам қазақстандық және ресейлік туристі тартады.
© Sputnik / Анатолий УстиненкоШарын каньонының биік жартастарына қарасаң көзің тоймайды. Бұл ерекше табиғи нысанды көруге бәрі асық. Каньонның жасы 12 миллион жылға жетіп жығылады. Шарында көптеген бейнебаян, фильмдер түсіріледі әрі фотографтардың да сүйікті мекендерінің бірі болып саналады.
6/7
© Sputnik / Анатолий Устиненко
Шарын каньонының биік жартастарына қарасаң көзің тоймайды. Бұл ерекше табиғи нысанды көруге бәрі асық. Каньонның жасы 12 миллион жылға жетіп жығылады. Шарында көптеген бейнебаян, фильмдер түсіріледі әрі фотографтардың да сүйікті мекендерінің бірі болып саналады.
© Sputnik / Анатолий УстиненкоАқтаудағы Каспий жағалауына әсіресе шілде айында барған жөн. Белсенді туристер Маңғышлаққа жол тартып, айрықша табиғи ескерткіштерді тамашалай алады.
7/7
© Sputnik / Анатолий Устиненко
Ақтаудағы Каспий жағалауына әсіресе шілде айында барған жөн. Белсенді туристер Маңғышлаққа жол тартып, айрықша табиғи ескерткіштерді тамашалай алады.