Әлем

Президентке әйелдердің жүктілік мерзімін 9-дан 7 айға дейін қысқарту ұсынылды

CC0 / Astrid Pereira / жүкті әйел
жүкті әйел - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Петиция авторы демографиялық ахуалды реттеу үшін әйелдердің жүктілік мерзімін 9-дан 7 айға дейін азайтуды сұрайды

АСТАНА, 18 шілде — Sputnik. Ресей президенті Владимир Путинге әйелдердің жүктілік мерзімін 9-дан 7 айға дейін қысқарту ұсынылды.

Change.org сайтында жарияланған петицияның авторы демографиялық ахуалды реттеу үшін әйелдердің жүктілік мерзімін 9-дан 7 айға дейін азайтуды сұрайды. Бұл бастаманы мақұлдап алты мыңнан астам ресейлік қолын қойған, деп хабарлайды www.9111.ru.

Жүкті әйел - Sputnik Қазақстан
Өңірлер
Көкшетауда "жүкті" әйел дүкеннен азық-түлік ұрлаған

Петиция авторы – Мәскеу тұрғыны Анна Рыжкова Ресейдегі аналардан қолдау сұрап отыр. Аннаның айтуынша, үкімет медицина саласындағылардың алдында жүктілік мерзімін азайту міндетін қоюы тиіс. Себебі жас ана баласын тезірек дүниеге әкелгісі келеді, бірақ табиғат заңы оған мүмкіндік бермейді.

Мәскеу тұрғыны 21 ғасырда заманауи медицина жүктілік мерзімін 7 айға дейін қысқартуға қауқарлы деп сенеді. Сонда Ресейде халық саны көбейіп, демография мәселесі шешіледі, дейді ол.

Петиция Ресей президенті Владимир Путин мен денсаулық сақтау министрі Вероника Скворцоваға жазылған. Алайда ресейліктердің петицияға мысқылдап пікір жазғандарын байқауға болады. Олар кейбір депутаттың «55 жаста зейнетақы алу ұят» дегеніне қарап, бұл міндеттің орындалатынына сенімді. 

Қандай тамақтың бала көтеруге кедергі екені белгілі болды

Жаңалықтар
0